Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Жайық өзенінен ер адамның денесі табылды
Құтқарушылар ер адамның денесін судан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Қыркүйек, 2025
Алдағы уақытта ауа райы суып, үсік жүруі мүмкін
Синоптиктер 4-6 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның мұнай өнімдері нарығы: негізгі тенденциялар мен сын-қатерлер
Қазақстанның мұнай өнімдері нарығы тұрақты өсуді көрсетіп отыр, бірақ отынның кейбір түрлері бойынша импортқа тәуелді болып қала береді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Мұнай өндіру көлемі 2%-ға артты деген ақпарат рас па? Министрлік мәлімдемесі
Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррель болғанын хабарлады.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Бейжіңде бірінші ұлттық ғылымды танымал ету айы басталды
Қытай астанасы Бейжіңде бірінші ұлттық ғылымды танымал ету айының шымылдығы түрілді. Енді бұл бастама жыл сайын қыркүйек айында дәстүрлі түрде өткізілмек. Жоба қоғамның сапалы ғылыми білімге деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz China Daily-ге сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Өмір сүру құны ең жоғары қалалар аталды
Сербиялық Numbeo онлайн-платформасы әлем қалаларының тұрмыс шығындарын салыстырып, биылғы ең қымбат шаһарлардың рейтингін жариялады. Бағалау кезінде тұрғындардың күнделікті шығындары – азық-түлік, көлік, коммуналдық қызмет және мейрамханадағы бағалар ескерілді. Негізгі көрсеткіш ретінде Нью-Йорктегі өмір сүру құны 100 баллға тең деп алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыда үстел теннисінен іріктеу кезеңі аяқталды
Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінде алғашқы жарыс күні мәресіне жетті. Қатысушылар жекелей сынның іріктеу кезеңінде бақтарын сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін таңертең Түркияның Шанлыурфа – Газиантеп тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Германия туризм саласындағы серіктестікті кеңейтеді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның Туристік қауымдастығы (DRV) делегациясымен және ірі неміс туроператорларының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда екі ел арасындағы туризм саласындағы ықпалдастықтың келешегі мен бірлескен бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада тұрғындарды виза жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Елордада азаматтарды алдап, Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға виза рәсімдеуді уәде еткен күдікті ұсталды. Ол сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге жалған уәде беріп, ірі көлемде қаржы жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өткізді. Он алты республикалық жастар ұйымының өкілі қатысқан кездесуде өзекті мәселелер мен жаңа жобалардың жай-жапсары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Рудныйда 1200 оқушыға арналған ерекше мектеп ашылды
Бүгін Рудныйда 1200 оқушыға арналған жаңа ерекше мектеп пайдалануға берілді. Кеншілер қаласындағы заманауи білім ордасы «ERG» компаниясының қаржысына салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Мүгедектікті сырттай куәландыру бюрократиялық кедергілерді азайтқан
2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу жобасы жалғасып келеді. Жаңа формат қазірдің өзінде азаматтарға қолайлы жағдай жасап, артық қағазбастылықты жойып, қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада Cardiff University-нің алғашқы шетелдік кампусы ашылды
Елордада Cardiff University Kazakhstan ресми түрде ашылды. Бұл оқу орны – Cardiff University тарихындағы алғашқы халықаралық кампус әрі Орталық Азиядағы Russell Group университеттерінің жалғыз өкілі. Жоба Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, халықаралық деңгейдегі білімге жол ашуды мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Атырауда отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері 3 мыңнан асты
Атырауда отбасының шырқын бұзып, тұмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатысты 2700-ден астам қорғау нұсқауы берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Қызылордада жыл басынан бері 25 адам суға кеткен
Жыл басталғалы бері облыстың су айдындарында 25 адам ажал құшыпты. Шомылу маусымының жабылуына орай брифинг өткізген облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 03 Қыркүйек, 2025
Айдың күрделі қабаттарын зерттейтін робот жасалды
АҚШ-тағы Техас A&M университетінің инженерлері Айдың күрделі кратерлері мен бедерін зерттеуге арналған ерекше робот – RoboBall-ды жасап шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Мұғалімдердің трендке еруі балаларға қауіп төндіреді - Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отандық ютуб арнаға берген сұхбатында мұғалімдердің тренд түсіріп, тик ток жүргізуін сынға алған болатын. Заманауи технологиялар алға озған тұста білім беру ісін жаңашылдыққа жетелеу мен педогикалық әдептен аттамау, цифрлық қауіпсіздікті сақтау маңызды. Жаңа оқу жылында мәжілісмен осы екі мәселенің аражігін тең ажырата білу керек екенін тарқатып айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада бірқатар мекеме жұмыс уақытын өзгертеді
Астанада 15 қыркүйектен бастап бірқатар ұйымдар жаңа жұмыс режиміне өтеді. Бұл шешім қаладағы жолдарда таңғы және кешкі уақыттарда туындайтын кептелістерді азайту мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 03 Қыркүйек, 2025
Жас футболшылар Англияға қарсы ойнайды
Футболдан 2027 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі жалғасуда. 8 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан құрамасы Англияны қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Атырауда екі мектептегі сабақ онлайн өтіп жатыр
Бүгін Атырау қаласындағы екі мектептің оқушылары сабақты онлайн оқуға жіберілді. Бұған су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмысы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
АҚШ президентінің әулеті бір тәулікте 5 млрд доллар тапты
Дональд Трамптың отбасына тиесілі World Liberty Financial компаниясы шығарған жаңа криптовалюта бір тәулік ішінде олардың қағаз жүзіндегі байлығын шамамен 5 миллиард долларға арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Дональд Трамп Чикагоны «әлемдегі ең қауіпті қала» деп атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең қауіпті қала деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы заңсыз құрылыстар Бас прокурордың бақылауына алынуы тиіс – депутат
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың атына Алматыдағы заңсыз құрылыс, тау жоталарының қырқылуы және табиғи логтардың көмілуіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Түркістанда мемлекеттік қызметшілер тіл байқауына қатысты
Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Елордада заң үстемдігі мен демократия мәселелері талқыланды
Елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жыл мемлекеттіліктің, ел егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі» атауымен дөңгелек үстел өтті. Айтулы мереке қарсаңындағы жиында заң үстемдігін дамыту, сот төрелігі жүйесін жетілдіру және демократиялық институттарды нығайту мәселелері талқыланды. Басқосуды Қазақстан халық партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен кіре алады
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Енді отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен ғана, шетелдік паспортсыз әрі визасыз кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Қытай ғалымдары ғарышқа арналған кір жуғыш машина жасап шығарды
Қытай зерттеушілері астронавттарға арналған шағын кір жуғыш машина ойлап тапты. Салмағы небәрі 12 келі болатын құрылғы ультраұсақ тұман мен озон технологиясын қолданып, бір циклде бар-жоғы 400 миллилитр суды пайдалана отырып киімді тазартады, деп хабарлайды Egemen.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 03 Қыркүйек, 2025
Самокат мінгендерге айыппұл салынады
Елімізде электросамокат жүргізушілеріне қатысты жаңа ережелер енгізілмек. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.