Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 20 Тамыз, 2025
Қызылордада түрмеге телефон кіргізбек болған тұрғын ұсталды
Ол ұялы телефондарды Қызылордадағы №60-шы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға жеткізбек болған , деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Президент тапсырмасы аясында «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысы, Нұра ауданының Ахмет ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Енді мұнда төрт құтқарушы тәулік бойы кезекшілік атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 20 Тамыз, 2025
Неміс ақыны Иоганн Гёте әйдік ақын ғана емес, әйбат өсімдіктанушы да болған. Ол «Өсімдік метаморфозасы» атты пәлсапалық өлеңінде тамырдың, өскіннің, жапырақтың жалғыз тұқымнан пайда болғанын мысал етіп, жер бетіндегі барлық болмыстың бір бастаудан жаралғанын жеткізеді. Кішкентай гүлдің құрылымынан табиғаттағы тұтас үйлесім көрінеді деп жырлайды. Бүгінгі кейіпкеріміз де гүлдерді шебер үйлестіріп, көңілдерге қуаныш сыйлайтын жан. Ол – флорист Ержан Балтабай.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Өзбекстанның Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен кездесті. Басқосуда Қазақстан мен Өзбекстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің саяси және экономикалық белсенділігі, кәсіпкерлігі, заңнамалық реформалар мен екі ел арасындағы ынтымақтастық тақырыбындағы мәселелер көтерілді.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Қазақ-өзбек зиялыларының интеллектуалдық форумы
Астанада Ұлттық музейде Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевалардың қатысуымен қазақ-өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының бірінші форумы өтті. Іс-шара аясында тараптар жаны мен қаны бір бауырлас екі елдің рухани байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Қ. Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 20 Тамыз, 2025
Теміржолды цифрландыру жұмыс сапасын жақсартады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мен цифрландыру ісі қаралды. Сондай-ақ теміржол вокзалдарын реконструкциялау мәселесі де көтерілді. Теміржол өнімдерін шығару – машина жасау саласындағы маңызды бағыттың бірі. Қазір бұл бағыт машина жасаудағы жалпы көлемнің 13%-ын құрап отыр. Өткен жылы теміржол өнімдерін шығару 25%-ға өсіп, 600 млрд теңгеге жеткен.
Сұхбат • 20 Тамыз, 2025
Ербол Жолданғар: Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімі мен үміті
Жаңғырған мемлекеттік қызмет ел дамуының басты тірегі болуға тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Жалпы, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Саладағы осы және өзге де жұмыстардың барысы туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ербол Жолданғардан сұрап-білген едік.
Алматы • 20 Тамыз, 2025
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Жастар денсаулығына – жіті назар
Кейінгі жылдары елімізде жастар арасындағы ерте жүктілік, аборт жасату жиілеп, қоғамның алаңдаушылығын тудырып отырғаны белгілі. Осы тұрғыда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтауға айрықша басымдық беріп келеді.
Жұмыс • 20 Тамыз, 2025
Биылғы жеті айда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 292,2 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.
Құрылыс • 20 Тамыз, 2025
Жылу маусымына тиянақты қамданыс
Ертіс-Баян өңіріндегі үш қалада жылу маусымына дайындық мәселесі өзекті. Енді бір айдан соң құбыр бойымен жылу жүгіре бастайды. Қазір жергілікті билік алдында жөнделіп жатқан желілер мен нысандарды жоспарлы уақытында аяқтау міндеті тұр.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Өткен апта Солтүстік Қазақстан облысының рухани өмірі айтулы оқиғаларға тол болды. Ол Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Туризм және спорт пен Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Түрік мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының басшылары т.б. қатысқан халықаралық жиындар еді.
Ғалам ғажаптары • 20 Тамыз, 2025
Аустралияның Сидней қаласында, нақтырақ айтсақ, Тасман теңізі жағалауындағы биік жартас маңында Дон Ричи есімді адам өмір сүрген. Осы биік жартасқа өмірден баз кешіп, жаны құлазыған адамдар жиі барады екен.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Туризм көрсеткіші жол сапасымен өлшенеді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Алматы облысы бойынша филиалы БАҚ өкілдеріне баспасөз-турын ұйымдастырды. Онда Қапшағай суқоймасына апаратын жолдың сапасы, тоқтайтын кешендер, жолды күтіп-ұстау жұмысы және Қонаев-Күрті тас жолының құрылысы таныстырылды.
Ғалам ғажаптары • 20 Тамыз, 2025
1936 жылы шыққан «Life» журналының алғашқы санында Джордж Стори есімді жаңа туған сәбидің суреті «Life Begins» («Өмір басталады») деген тақырыппен жарияланды.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Әйгілі жазушы Әлібек Асқаровтың кезінде екі жүз мыңнан асатын таралыммен «Егемен Қазақстанда» қос-қос бетке қайта-қайта басылған «Көккөл», «Шындығатай», «Мұзтау», «Шабанбай», «Марқакөл-Шанағаты», «Аспантау», «Қазығұрт» сияқты сырлы сафарилерінің бәрінің бел ортасында Ерен Жұмағұлов жүреді. Өзінің Қатонқарағайындағы сапар атаулыны ұйымдастырады, біз ұйымдастырған Нарынқол, Қазығұрт сапарларына қатысады.
Ғалам ғажаптары • 20 Тамыз, 2025
Футболда кейбір қақпашылар қақпасын қорғап қана қоймай, орайы келсе, шабуылға шығып, өздері де гол соғады.
Жәдігер • 20 Тамыз, 2025
Әйгілі тілші-ғалым, мәдениеті биік тұлға Рәбиға Сыздық (1924–2020) «Зенит-С» атты фотоаппарат ұстап, айналасын тарихқа таңбалап кеткенін естіп пе едіңіз?
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
«Оңтүстік Қытай кітап жәрмеңкесі-2025» аясында Орталық Азия елдері павильонының ашылу рәсімі өтті.
Көрме • 20 Тамыз, 2025
Астанадағы Ұлттық музейде әлемге танымал классик жазушы, философ әрі публицист Ф.М. Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Бұл көшелерде оның ізі қалған...» атты көрме ашылды. Онда Семей қаласындағы суреткердің әдеби-мемориалдық музейінен әкелінген құнды жәдігерлер ұсынылды.
Төтенше жағдай • 19 Тамыз, 2025
Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанды
Абай облысында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әскери ұшақ жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Тамыз, 2025
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 20 тамызға арналған дауылды ескертуді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Тамыз, 2025
Испанияда орман өрті салдарынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Испанияның солтүстік және батыс өңірлерінде ірі орман өрттері өршіп тұр. Салдарынан бірқатар аймақта теміржол және автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Тамыз, 2025
Рахмонов титулдық жекпе-жекке қатысты шешім қабылдады
DAR Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров қазақстандық UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың (19-0) келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Шымкенттегі арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы қайтыс болды – адвокат
Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы басшысы Жомарт Мурашимов тергеу изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы оның адвокаты Талғат Есімов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Тамыз, 2025
БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған
Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Өткен түнде «Астана-Петропавл» тасжолының Аққайың ауданындағы Ленин ауылының бұрылысы тұсында «Chevrolet Cobalt» автомашинасы «Volvo» жүк көлігімен бетпе-бет соғысып, жеңіл машинаның 22 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы жолаушысы бірден опат болды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Білім • 19 Тамыз, 2025
Алматыда тамыз конференциясы өтті
Алматыда жаңа оқу жылы қарсаңында «Болашақ білім беру: адал азамат – білікті маман» атты дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.