облысы
Тағайындау • 23 Қаңтар, 2026
Халық әртісі қызметке тағайындалды
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры болып Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 23 Қаңтар, 2026
Төрегелді Шармановтың есімі туған жерінде ұлықталды
Ұлытау облысы, Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі музейінде көрнекті ғалым, ұлт саулығы үшін аянбай еңбек еткен академик Төрегелді Шармановқа арналған «Ұлт саулығының ұлы жолында: Академик Т.Шармановқа тағзым» атты жылжымалы көрменің таныстырылымы өтті. Тағылымды көрмені Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2026
Әкесін аяусыз ұрған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысындағы Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2026
Қарасу ауданындағы өртенген үйді қалпына келтіру жұмысы қалай жүріп жатыр?
Өткен жылдың 31 желтоқсаны күні өрт шыққан Қарасу шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде қалпына келтіру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Богданович мұздығында қар көшкіні жүруі мүмкін
Кіші Алматы өзені алабында орналасқан Богданович мұздығында және «Шымбұлақ» курорттық аумағында қар көшкіні қаупі жоғары болып тұр. Бұл туралы «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Соған орай ұйымдастырылған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты құттықтап, жол инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында 22 жасөспірім ауруханаға түсті: Лагерьде санитарлық тексеріс басталды
Жамбыл облысында «Тұран» демалыс аймағынан 22 жасөспірім Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына жатқызылды. Балаларға алдын ала себебі анықталмаған гастроэнтерит диагнозы қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2026
Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан
Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орман қорына заңсыз қол сұғу деректері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
Оқушыларға арналған эко-лагерь – «Байтақ» партиясының жобасы. Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-лагерьде жастармен «жасыл идеяларды» іске асырмақ. Жобаны биыл жаз айларында жүзеге асыру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді
Қазақстанның әр өңірінен шыққан велошабандоздар континенталдық XDS Astana Development Team командасымен келісімшартқа отырды. Олардың қатарында Қарағанды облысының Саран қаласының спортшысы Владислав Башлыков та бар. Бұл – спортшы үшін халықаралық аренада өзін танытуға берілген жаңа мүмкіндік, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар көтерілгенін және сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – елдің транзиттік әлеуетін арттырудағы айрықша міндет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
«Облыс жағдайы күмәнсіз жақсы»: Президент Қызылорда облысы әкіміне жоғары баға берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан курьерлер ұсталды
Polisia.kz мәлімдеуінше, арнайы операция кезінде Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан курьерлер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қаңтар, 2026
Тоғызқұмалақтан облыстық біріншілікте кімнің мерейі үстем болды?
Талғар ауданында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жеке чемпионаты өтті. Жарысқа 2012 жылы туған және одан үлкен жастағы шамамен 75 спортшы қатысып, өздері тұратын аудандардың намысын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Субсидия беріледі: Қостанайда тұқым шаруашылығын дамытуға қанша қаржы бөлінді?
Қостанай облысында түрлі дақыл тұқымын шығаратын 55 шаруашылық жұмыс істейді. Оның төртеуі жаңа тұқым, 19-ы элиталық тұқым шығарады. Сондай-ақ бірінші репродукциялық тұқым өсіретін 32 шаруашылық, 24 тұқым өткізуші бар. Аталған шаруашылықтар диқандарды жыл сайын сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді
Павлодар облысында тасжолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды
Жамбыл облысында малшыға көмектесу үшін үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткен әйел адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 18 Қаңтар, 2026
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр
Биылғы 18 және 19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу шаралары басталды. Соған орай өңірде барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, рәсімді өткізуге арналған 21 стационарлық орын анықталып, келісілді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысында апалы-сіңілілер алаяқтарға 10 миллион теңге берген
Әйелдердің бірі зейнеткерлерге арналған дивиденд туралы жарнаманы интернеттен көрген. Кейін толық ақпарат алу үшін көрсетілген сілтеме арқылы өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда екі тәулік жолда тоңған жүк көлігі жүргізушісіне полицейлер көмектесті
Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері көлігі бұзылып, «Ман ата» өрінде екі тәулік бойы тұрып қалған жүк көлігі жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлады Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Қаңтар, 2026
Павлодарда үсік шалғандар көбейді: 24 адам ауруханаға түсті
Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, қыс басталғалы 24 адам үсік шалумен түскен. Дәрігерлер 16 адамның аяқ-қолының саусақтарын кесуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 17 Қаңтар, 2026
Абай облысында сотталғандар некесін қиды
Абай облыстық ҚАЖД мекемесінде сотталғандар некесін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2026
Атырау облысында жоғалған отбасының ұлы мен қызын іздеу тоқтатылды
Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті мәлімдеді. 32 жастағы Наурыз Мұқанғали мен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаны ресми түрде іздеу тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Әкімінің орынбасары Бейнеуде жол апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты
Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен Ақтау – Бейнеу автожолында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен денскулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров Бейнеу ауданына барды деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында 44 жолаушы жылу пунктіне жеткізілді
Үскірік аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қарабалық ауданы аумағындағы күре жолдарда қоғамдық көліктер мен жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азаматқа сот үкімі шықты
Түркістан облысы Шардара ауданында 70 жастағы денсаулығы нашар әкесін жүйелі түрде ұрып келген Алмас Садақбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сотталушыға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау дерегі бойынша айып тағылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып, төрт адам қаза тапты
Маңғыстау облысында Доссор – Ақтау тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам түрлі жарақат алды. Апат кезінде автобус ішінде 50 жолаушы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.