е
Оқиға • 04 Ақпан, 2026
Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған
Исатай аудандық прокуратурасының қызметкерлері 7 кәсіпкерлік субъектісінде жұмысшылармен жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарты жасалмағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Варшавада өткен ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның жоғары деңгейдегі форумына қатысты. Әлемнің 33 елінен, сондай-ақ АҚШ пен Канададан делегаттар жиналған бұл жиында Қазақстанның саяси реформалары мен жаңа Конституция жобасы кеңінен таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Ақпан, 2026
Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?
Әлемге «поп музыкасының королі» атымен танылған Майкл Джексонның өмір жолына арналған «Майкл» атты биографиялық фильмнің алғашқы толыққанды трейлері көрермен назарына ұсынылды. Бейнероликті Lionsgate киностудиясы жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Заңғар, Айбар, Әсел: Алматыда үшем дүниеге келді
Алматы қалалық перинаталдық орталығында үшем өмірге келді. Осылайша 39 жастағы алматылық әйел бірден алты баланың анасы атанып отыр. Үшемдер өмірге келгенге дейін отбасында үш бала болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Президент Пәкістан Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 04 Ақпан, 2026
Қазақстан таеквондошылары БАӘ-дегі турнирде үш қола медаль иеленді
Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан таеквондодан ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының қоржыны үш жүлдемен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?
Биылғы жылдың басты спорттық додасы 6-22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қысқы Олимпиада ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Парламенттің 90%-ы қазақша сөйлейді: Депутат Мемлекеттік тіл заңнамасын жетілдіру қажет екенін айтты
Конституциялық реформа аясында ұлттық заңдардың халықаралық келісімдерден жоғары тұруы және мемлекеттік тіл саясатын кезең-кезеңімен күшейту мәселесі көтерілді. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса бұл қадамдарды құқықтық егемендікті нығайтатын әрі ұлттық мүддені қорғауға бағытталған стратегиялық шешім деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Мәжісте депутат Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасына қатысты сөз сөйледі. Депутаттың айтуынша, осындай орасан өзгеріске қатысты мемлекеттік өкілетті органның трибунасынан сөз айтпай, ресми ретте үндемей қалуға болмайды. Депутат бұл мәселеге қоғам мен азаматтық белсенділердің пікірін ескере отырып, конституциялық реформаның күн тәртібіне енгізілуіне алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2026
Берн одағы Астанада бас қосады
Биыл 11-14 мамыр аралығында Астанада Берн одағының кезекті көктемгі отырысы өтеді. Беделді халықаралық жиын ТМД кеңістігінде тұңғыш рет біздің елде ұйымдастырылмақшы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Ақпан, 2026
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту: Шаруаларға жылдық 5%-бен жеңілдетілген несие беріледі
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет атынан прогрессивті агроэкономика моделін енгізіп жатыр. Негізгі басымдық – цифрландыру, жасанды интеллект және өнімді терең өңдеу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2026
675 сәтті операция: БҰҰ қазақ бітімгерлерінің қызметін жоғары бағалады
Таяу күндері Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 04 Ақпан, 2026
Заңсыз марганец өндірген қостанайлық тұрғын сотталды
Ұлытау облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша ірі қылмыстық схема анықталып, сот үкімі шықты. Тергеу деректері мемлекетке миллиардтаған теңге көлемінде залал келтірілгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді
Ертең, 5 ақпан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық қағидатын айқындау және «Ұлы дала» ұғымын құқықтық деңгейде бекіту мәселесі көтерілді. Бұл бастама мемлекеттің тарихи негізін, біртұтастығын және егемендік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады
Енді жұмыс істемейтін әкелердің кәмелетке толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі. Бұл нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Ақпан, 2026
Трамп Гарвардтан 1 млр доллар көлемінде өтемақы талап етті
АҚШ-та Гарвард университеті мен Ақ үй арасындағы даулы мәселе қайта ушықты. Дональд Трамп университеттен 1 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Ақтөбе тұрғыны ұрланған миллиондарын қайтарамын деп тағы алданды
Ақтөбеде 52 жастағы ер адам интернет-алаяқтардың құрығына екі мәрте түсіп, ақшасынан айырылды. Бастапқыда 7 млн теңгеден айырылған ол кейін ұрланған ақшаны қайтаруды уәде еткендерге сеніп, тағы 400 мың теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Ақпан, 2026
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2026
Геосаяси шиеленістің зардабы: Үндістандық IndiGo Алматыға рейстерін тоқтатты
Үндістанның ірі әуекомпанияларының бірі IndiGo ақпан айының соңына дейін төрт халықаралық бағыт бойынша, соның ішінде Алматыға қатынайтын рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
Актер, режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Ақпан, 2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Конституциялық реформаға көзқарас: Қоғамның пікірі қандай?
Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан ел азаматтарының басым бөлігі Конституциялық реформаны қолдайтынын білдірген. Сонымен қатар респонденттер ұсынылған өзгерістердің жеке әл-ауқат пен өмір сүру сапасына ықпалы болуы мүмкін екенін атап өткен. Бұл деректер Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймардановтың баяндамасында айтылды, деп жазады Egemen.kz
Президент • 03 Ақпан, 2026
Тоқаев Пәкістанға барды: Жойғыш ұшақтар Президент ұшағымен қатарласып ұшты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен аттанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Азат Перуашев: Конституциялық реформа билік жүйесіндегі теңгерімді күшейтеді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер теңгерімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Елнұр Бейсенбаев: Ел азаматтары жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды
Ел тұрғындары жаңа Конституцияның ережелерінің 98%-ын қолдайды. Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бұл құжат – еліміздің дамуы мен қоғамның сенімінің айғағы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Динара Зәкиева: Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституция жобасы адамның қолданыстағы құқықтары мен бостандықтарын сақтап қана қоймай, олардың аясын кеңейтіп, нақты іске асуын және қорғалуын күшейтейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Елімізде 406 жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген кешенді тексерулер салада жүйелі заңбұзушылықтардың бар екенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
ЕҰУ-да сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады
Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.