Соңғы жаңалықтар
Президент • 19 Тамыз, 2017
Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Шортанды кентінде «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлем • 19 Тамыз, 2017
Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды
Испанияның құқық қорғау органдары Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті – мароккалық Юнес Абуякубты іздестіруде, деп хабарлайды ria.ru
Қазақстан • 19 Тамыз, 2017
Біз қазақша білуге міндеттіміз және болашағымызды осы тілмен байланыстырамыз
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың туған мекеніне айналған Қазақстан қашан да оларды құрметтеп, бауырына басуға дайын. Бүгінде елімізде әрбір ұлттың орталығы, атқарып отырған тиісті міндеттері бар. Осы орайда Алматы қаласында орналасқан «Өзбек ұлттық мәдени орталығының» жетекшісінің орынбасары Абдухалил Абдурайымұлымен осы тақырыпта отырып, сұхбаттасқан едік.
Білім • 19 Тамыз, 2017
Батысқазақстандық бастауыш сынып оқушылары биыл да ыстық тамақпен қамтылады
Білім саласы қызметкерлерінің биылғы дәстүрлі тамыз кеңесі Орал қаласында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбымен өтті. Кеңес жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов қатысты.
Президент • 19 Тамыз, 2017
Президент «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамында болды
Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы минералды су шығарумен айналысатын кәсіпорынды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 19 Тамыз, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылығында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Үкімет • 19 Тамыз, 2017
Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті
Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz
Саясат • 19 Тамыз, 2017
Мемлекеттік хатшы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2017
Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды
Қостанай облысы Рудный қаласында 32-ші облыстық «Тың-Целина-2017» спартикиадасы басталды.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2017
Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ
Шымкентте шығарылған аяқ киімдерге бүгінде сұраныс артып, импортты алмастырып келеді. «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен ел нарығында сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен тігіледі, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2017
Қостанайда пәтер ұрлығы едәуір азайды
Биыл Қостанай облысында ұрлық қылмысы азайғандығы байқалып отыр. Әсіресе, пәтер ұрлығы 33 пайызға кеміген. Оған полицейлердің тұрғындармен жүргізген профилактикалық жұмыстарының ықпалы жақсы болды.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2017
Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды
Шекарашылар ескертуін елемей, оларға қарсы тас атып, шекарадан заңсыз жылқы өткізбек болған Жамбыл облысының тұрғындары анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында айтып берді.
Әлем • 19 Тамыз, 2017
Қытайда селден 10 адам қаза болды
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында толассыз жауған жауын салдарынан сел жүріп, 10 адам қаза тапты, 192,4 мың тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды ria.ru
Қазақстан • 19 Тамыз, 2017
Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына байланысты Астана қаласындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.
Футбол • 19 Тамыз, 2017
Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды
Футболдан еліміздің жасөспірімдер құрамасының (U17) аға жаттықтырушысы қызметіне отандық маман Игорь Свечников тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі
Осы алдағы сенбі-жексенбі 19-20 тамыз күндері, Астанадағы «Қазақстан» СК алаңында облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2017
Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын
Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын. Қазіргі уақытта кейбір мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент • 18 Тамыз, 2017
Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті
Мемлекет басшысының қатысуымен даму бағдарламаларының іске асырылуы және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы akorda.kz xабарлады.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2017
Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды
Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде биылғы жылға бекітілген ауыл әкімдерін сайлау 16-17 тамыз күндері өтті.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2017
Парламент депутаты Мақтарал ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген іс-сапармен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына барды. Ең алдымен, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жаңалықтарымен танысқан депутат аудан әкімі Ғ.Исмаиловпен бірнеше нысанды аралады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Астанада бір жарым ай ішінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды
1 маусым 15 тамыз аралығында Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 2500-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып Орман Кәрімұлы Нұрбаев тағайындалды.
Әлем • 18 Тамыз, 2017
Барселонадағы теракт: анықталған жайттар
Каталония билігі Барселонда болған теракт кесірінен 13 адамның мерт болғандығын растады, деп хабарлайды bbc.com.
Қаржы • 18 Тамыз, 2017
Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды
Жаңа кеңсе корпаративтік және жеке клиенттерге Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай келетін барлық банктік қызмет түрлерін ұсынатын болады.
Қазақстанның киелі орындар тізіміне Жайық (Теке) қаласы енді (фото)
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына кіретін 100 нысанның тізімі кеше ғана халыққа жария етілді. ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы жариялаған осы тізімде ортағасырлық Жайық (Теке) қаласы да бар.
Футбол • 18 Тамыз, 2017
Владимир Никитенко: Черногориямен өтер ойында футболшылардан жанкештілік талап етеміз
Қазақстан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы Владимир Никитенко 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Черногриямен өтетін матч жайлы пікір білдірді. Бұл ойын 1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Бұл туралы kff.kz хабарлады.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2017
Оңтүстік Қазақстанда үздік әлеуметтік жоба анықталды
Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы ұсынылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Синоптиктер демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 19-21 тамыз аралығына ауа райы болжамын жасады.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Сайлауалды үгіт жұмыстарын интернет арқылы жүргізу реттелмек
Бас прокурордың бірінші орынбасары Ғизат Нұрдәулетов «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңына қатысты Орталық сайлау комиссиясының ұсыныстарына пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Әлем • 18 Тамыз, 2017
ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракт салдарынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.