Соңғы жаңалықтар
Әлем • 18 Тамыз, 2017
Барселонадағы теракт: анықталған жайттар
Каталония билігі Барселонда болған теракт кесірінен 13 адамның мерт болғандығын растады, деп хабарлайды bbc.com.
Қаржы • 18 Тамыз, 2017
Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды
Жаңа кеңсе корпаративтік және жеке клиенттерге Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай келетін барлық банктік қызмет түрлерін ұсынатын болады.
Қазақстанның киелі орындар тізіміне Жайық (Теке) қаласы енді (фото)
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына кіретін 100 нысанның тізімі кеше ғана халыққа жария етілді. ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы жариялаған осы тізімде ортағасырлық Жайық (Теке) қаласы да бар.
Футбол • 18 Тамыз, 2017
Владимир Никитенко: Черногориямен өтер ойында футболшылардан жанкештілік талап етеміз
Қазақстан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы Владимир Никитенко 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Черногриямен өтетін матч жайлы пікір білдірді. Бұл ойын 1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Бұл туралы kff.kz хабарлады.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2017
Оңтүстік Қазақстанда үздік әлеуметтік жоба анықталды
Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы ұсынылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Синоптиктер демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 19-21 тамыз аралығына ауа райы болжамын жасады.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Сайлауалды үгіт жұмыстарын интернет арқылы жүргізу реттелмек
Бас прокурордың бірінші орынбасары Ғизат Нұрдәулетов «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңына қатысты Орталық сайлау комиссиясының ұсыныстарына пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Әлем • 18 Тамыз, 2017
ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракт салдарынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.
Медицина • 18 Тамыз, 2017
Президент • 18 Тамыз, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Барселонада болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты
Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Бизнес • 18 Тамыз, 2017
Boyce Thompson институты: Алманың отаны − Алатау
Boyce Thompson институтының ғалымдары алманың отаны қазақ даласы екенін мәлімдеп отыр. Олардың жүргізген зерттеуіне сәйкес, Алатаудың баурайында ғана өсетін Сиверс тұқымы шартараптың түкпір-түкпіріне тараған алманың атасы саналады екен.
Футбол • 18 Тамыз, 2017
«Астана» сырт алаңда «Селтиктен» ірі есеппен ұтылды
Глазгодағы ірі ұтылыс немесе үміттің сөнгені ме?..
Медицина • 18 Тамыз, 2017
Қарағанды мен Атырауда республикалық деңгейдегі оқу-жаттығу шарасы өтеді
Жақын күндері Қарағанды мен Атырауда «Қауіпті өндірістік нысандарда ірі көлемді апаттарды жою бойынша апаттық-құтқару операциялары» деген атаумен республикалық деңгейдегі оқу-жаттығу шарасы өтеді деп жоспарлануда.
Патшаның барымтасына, кеңестік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шынында, ол кезде білім кем, мінез мықты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бірақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мүкіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.
Әлем • 18 Тамыз, 2017
Шуле Ертүрік: Латын әліпбиіне көшу − Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясаты
Анкара университетінің докторантурасында (PhD) оқитын түркиялық Шуле Ертүрік өзінің зерттеу тақырыбы ретінде қазақстандық газеттерді таңдаған екен. Нақтырақ айтқанда, Шуле ханымның диссертациялық жұмысы «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттерінің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап 2015 жылға дейінгі тілі мен мазмұнына арналған.
Суретші Сабыр Мәмбеев туралы бір үзік сыр
Бұлт жебеленсе, жаңбыр шақырады деуші еді. Айтқандай-ақ, жел көтеріліп, Ыстықкөл толқып, аспан күңгірт тарта бастады. Міне, осындай бұлтты күні біз ел жақтан бір суық хабар естідік. Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеев ағамыз дүние салыпты...
Жайық Бектұровтың Мағжан Жұмабаевқа жасаған қамқорлығы
Ертеректе мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов ағамыздың бір сұхбатын оқығаным бар еді. Онда Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқымақ түгіл, ол кісінің есімін атауға қорқатын заманда бұл кітапты кімнен алып оқығанын баяндайды.
Төлеген Тәжібаев туралы естелік
Мен өмірде академик Төлеген Тәжібаевпен бетпе-бет пікірлескен емеспін, бірақ Қазақстан КСР Сыртқы істер министрінің еңбек жолы туралы баспасөз беттерінен таныспын. Бірде, оның атақты баяндамасын тыңдаудың сәті түсті. Ол 1946 жылдың күзі еді. Әскерден келген соң, Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түскен болатынмын.
Инфографика • 18 Тамыз, 2017
Нәзір Төреқұловтың жұлдызды ғұмыры
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаңдақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов.
Бастың амандығы – бауырдың бүтіндігінде
Қазақ «басың аман, бауырың бүтін болсын» деп тегін айтпаған. Амандық-саулықтың белгісі бауырдың бүтіндігімен өлшенген. Бұл орган қанды тазартатын, ағзаны улы заттардан қорғайтын сүзгі іспетті. Ол минутына миллиондаған улы затты ыдыратып жібереді. Алайда, адамға адал қызмет атқаратын бауырдың өзі ауырса, сырқатын білдірмейді. Былайша айтқанда, бауыр «айтпай азап шегеді». Сондықтан, ұзақ өмір сүргіңіз келсе, бауырды сақтай білген жөн.
Медицина • 18 Тамыз, 2017
Қарағанды дәрігерлері жүкті әйелдерге жіті қызмет көрсетеді
Бүгінде отандық медицина саласының жас мамандары даярланып, жаңа технологияның тiлiн бiлетiн білікті жастар келіп жатыр.
Медицина • 18 Тамыз, 2017
Жатыр мойнының ісігі – білдірмей жұтатын дерт
Осыдан біраз жыл бұрын Алматыдағы үлкен емдеу мекемесі туралы мерейтойлық мақала жазуға барып тұрып, өкінішті бір оқиғаның үстінен түскеніміз есте.
Жұмысты жалғастырар жастар қайда?
Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты.
Медицина • 18 Тамыз, 2017
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Біз онымен ауруханада таныстық. Ұялы көздерінен мейірім төгіліп тұратын иманжүзді әйел екен. Қара торы өңіндегі қап-қара меңі де әдемі жарасқандай. Невропатолог дәрігер оған да дене шынықтыру жаттығуларын жасауға бұйырыпты. Нұсқаушы-медбике түрлі жаттығулар жасатқаннан кейін бір мезгіл демалдырады. Сондай бір сәтте би билеу төңірегінде әңгіме бола кетті. Ол бала кезінен биді жақсы көргенін, тіпті студент кезінде Мәскеу сахнасында билегенін айтып қалды. Медбике де іліп алып, «биді неге тастап кеттіңіз?» деді. «Тағдырым мені биші етпеді, басқа арнаға салып жіберді» деді жәй ғана. Медбике «ол қандай тағдыр?» дегендей ынтыға түсті. Ішкілікке салынған күйеуінің қайтыс болған әйелінен қалған ауру балаларды бағып жеткізгенінің шет жағасын ғана айтқанда, медбике Татьянаның шарасынан шыққан көзі боталап, жасқа толды.
Бизнес • 18 Тамыз, 2017
Биыл Қарағанды облысында астық түсімі айтарлықтай болмайды
Биыл Қарағанды облысында астық түсімі 2016 жылмен салыстыр-ғанда, анағұрлым төмен болуы мүмкін. Оның себебін Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан Бекқожин ылғалдың жетіспеушілігі салдарынан деп есептейді.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Ертіс, Май аудандарына су тарту ұзаққа созылып барады
Ауыл үшін аса әлеуметтік маңызы бар өңірдегі Ертіс, Май аудандарындағы топтық су құбырлары жобаларының аяқталып, іске қосылуы ұзаққа созылып барады.