Соңғы жаңалықтар
ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017
Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» экоакциясын бастады
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» экологиялық акциясын бастады.
ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесінде Сенегал Республикасының ұлттық күні өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Сенегал Республикасының ұлттық күні өтті. Мерекеде мемлекеттің «Сафари» тобы кора, джамбе және балафон атты ұлттық аспаптармен дәстүрлі билерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Содан кейін қонақтар Африка плазасында орналасқан павильонға барып, экскурсия жасады.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Ботаникалық бақ қоры толыға түспек
Алматы қаласындағы Ғалымдар үйінде «Еуразияның өсімдік әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Парламент • 21 Тамыз, 2017
Сенат Төрағасының орынбасары СҚО прокурорларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен сенатор Ерік Сұлтанов аймақтарға сапар аясында Солтүстік Қазақстан облыстық және Петропавл қаласы прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитет басқармасының жеке құрамымен кездесті.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Қазақстан өнеркәсібінің индустрия 4.0 техникалық талдау жұмыстары күзде аяқталады
Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысына арналған брифингтер легі басталды. Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің мәлімдеуінше, Қазақстан өнеркәсібінің Индустрия 4.0-ге көшуге әзірлігі бойынша техникалық талдау жұмыстары алдағы қыркүйекте аяқталады.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
2025 жылға қарай жанар-жағармай бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтылады
Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысына арналған брифингтер легі басталды. Бүгінгі брифингте «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» тақырыбы талқыланды. Баспасөз мәслихатына Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді қатысып, бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайын баяндады.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2017
Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтті
Тамыз айының соңғы онкүндігі Алматы жұртшылығы үшін ерекше есте қалды. Қаладағы Медеу мұз айдынында әлемнің 20 дан астам мемлекетінен келген танымал өнер жұлдыздары «Star of Asia» музыкалық фестивалінде өнер көрсетті. Аталған фестиваль Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының аясында, қала күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Ауыр атлетика • 21 Тамыз, 2017
Альберт Линдер Жазғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды
ҚХР Тайвань провинциясының астанасы Тайбэйде жазғы Универсиада-2017 ойындары өтіп жатыр. Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер жазғы Универсиада-2017 ойындарының чемпионы атанып, алтын медальға ие болды.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
БҰҰ Балалар қоры қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады
Балалардың құқықтарын инновациялар арқылы ілгерілету бойынша өткен шара барысында Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) үздік қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Бақытжан Сағынтаев жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2017
Семейлік зейнеткерлер ағылшын тілін үйреніп жүр
Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасының нысаналық индикаторларына көз жүгіртсек – 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар саны 95 пайызға дейін, ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс. Осы тұрғыда семейлік зейнеткерлер ағылшын тілін үйренуді бастап кетті.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Қазақстан мен Ресей заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті бірге үйлестірмек
20-21 тамыз күндері Иркутск қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының үшінші отырысы өтті.
Жекпе-жек • 21 Тамыз, 2017
Атырауда өткен жауынгерлік жекпе-жек фестиваліне 2,5 мың көрермен жиналды
19 тамызда Атырауда спорт күніне арналған Atyrau Sport Fest 2017 фестивалі өтті. Атыраулық спортшылар əлемнің 16 елінен келген қарсыластарымен сынға түскен дүбірлі додада көрермен жекпе-жектің 16 түрі бойынша жарысты тамашалады, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Астана хабы мен Қытайдың мемлекеттік басқару академиясы меморандумға қол қойды
БРИКС ауқымында Қытайдың Цюаньчжоу қаласында мемлекеттік басқару бойынша «Тағдыры ортақ ғаламдық қауымдастықты құру: ашықтық пен жұмылдыру, өзара тиімді нәтижелер» атты семинар өтті.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
"Жастар" жазғы жайдарман фестивалі мәресіне жетті
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған республикалық "Жастар" жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2017
«...Өмірімді білгісі келген ұрпақ, Өлеңімнің жолынан оқып алар...» Қ. Бұғыбаева
ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесінің сайтына хакерлік шабуыл жасалды
20 тамызда сағат 23-00 кейін expo2017.astana.com сайты орналасқан серверге ауқымды Ddos-шабуыл жасалғаны тіркелді, жеп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.
Әлем • 21 Тамыз, 2017
Илон Маск БҰҰ-дан соғыс роботтарын жасауға тыйым салуды сұрады
26 мемлекеттің роботтехника мен жасанды интеллект саласының жетекші мамандары Біріккен Ұлттар Ұйымын автономды түрде ұшатын қаруды жасау мен қолдануға тыйым салуға шақырды, - деп хабарлайды The Guardian.
Жеңіл атлетика • 21 Тамыз, 2017
Ольга Рыпакова Бирмингемдегі «Гаухар лигада» қола жүлдегер атанды
Кеше түнде Англияның Бирмингем қаласында жеңіл атлетикадан «Гаухар лиганың» іріктеу кезеңі аяқталды.
ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017
ЭКСПО-ның 3 миллионыншы келушісі апта соңында анықталмақ
10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2 779 820 адам келді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. Ал көрменің 3 миллионыншы келушісі апта соңында анықталуы мүмкін.
Білім • 21 Тамыз, 2017
ҚазҰУ – грант саны бойынша ЖОО-лар көшбасшысы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алуға берілген грант саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орынға шықты. Көптеген «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарын қосқанда, 4100-ден астам үздік мектеп түлегі ҚазҰУ-да білім алу грантын жеңіп алды.
Президент • 21 Тамыз, 2017
Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде кеңес өтті. Кеңеске Парламент Сенатының Төрағасы, Премьер-Министр және оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Астанада жалған төлқұжатпен Ұлыбританияға өтпек болған сириялықтар ұсталды
Жалған төлқұжатпен Ұлыбританияға өтпек болған сириялық екі азамат Астана-Лондон әуерейсі кезінде ұсталды.
Әлем • 21 Тамыз, 2017
2017 жылғы 21 тамызда Күн тұтылады, деп хабарлайды euronews.com.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2017
Қайнарға су құбыры қашан тартылады?
«Семей Водоканал» КМК техникалық директоры Николай Лукиннің айтуынша, биыл былтырғы жылдан қалған бірнеше нысандардың жұмысы аяқталып жатыр. Ең бастысы, Қарағайлы кентіндегі су құбыры желілерінің жұмысы аяқталуы тиіс. Себебі, мұнда Назарбаев зияткерлік мектебі мен Семей медицина университетінің студенттеріне арналған жатақханалар мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы қолға алынған.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2017
Аңыз өрген Маңғыстаудың мәдени күндері
Үш жүз алпыс әулиеге мекен болған қасиетті Маңғыстаудың мәдени күндері 15 тамызда елорда кіндігінде орналасқан «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Сол күні кешке облыс өнерпаздары ЭКСПО аймағындағы амфитеатрда мәдени шараның шымылдығын түрді. Ертеңінде «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейтін қазақы ұстанымды ту еткен маңғыстаулықтар Арқа төсінде тыныштық тапқан Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев пен қайраткер ақын Фариза Оңғарсынованың рухтарына дұға бағыштады.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2017
Мемлекет басшысы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиістігін айтып: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек», деген еді. Жұртқа істеген жақсылығын ешкімге мақтанбай, жер-көкке жария қылмай ел қатарлы еңбек етіп жатқан мұндай жандар Шығыс Қазақстанда да аз емес. Соның бірі – Зырян ауданының Бородино ауылында тұратын Қайрат Бөкежанов. Бұл кісіні зыряндықтардың бәрі таниды. Әсіресе, оның Тәуелсіздіктің елең-алаң жылдарында елді мекендегі үш бірдей ғимаратты – Мәдениет үйі, балабақша мен фельдшерлік пунктті аман сақтап, кейін бір тиын да сұрамай ел игілігіне бергенін ауылдастары жыр ғып айтады.
Ырғызбай кешеніне қаржы бөлінді
Тарбағатай ауданы тұрғын үй құрылысы және коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мұрат Қарғабаевтың айтуынша, қазіргі кезде 5 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2017
Кенді Алтайдағы киелі орындар картасы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған елді, туған жерді тануға айрықша назар аударылып, еліміздегі киелі жерлердің картасын әзірлеу жөнінде тапсырма берілген еді.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Шығыс Қазақстанда бесжылдық бағдарлама әзірленді
Бұған дейін «Өскен өңір» айдарымен газетімізде Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының бүгінгі тыныс-тіршілігі, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында мақалалар топтамасын ұсынып едік. Бүгін айқарма бетімізді Шығыс Қазақстан облысына арнап отырмыз.