«Астана» шекаралық бақылау бөлімінің жасағы тексеруге Болгария азаматы төлқұжатын ұсынған Сирияның екі азаматын анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлайды.
«Құжаттар қолдан жасалған. Ұсталғандардың айтуынша, олар Ұлыбританияға өтпекші болған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде. Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары мен өзара бірге жұмыс істейтін органдар өкілдері хабардар етілді.