ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017

ЭКСПО-ның 3 миллионыншы келушісі апта соңында анықталмақ

26 реткөрсетілді

10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2 779 820 адам келді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. Ал көрменің 3 миллионыншы келушісі апта соңында анықталуы мүмкін.

 «14-20 тамыз күндері ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам, яғни орта есеппен күніне 49 349 адам келді. Өткен аптамен салыстырғанда келушілер саны 14 мың адамға артқан. 10 маусым мен 20 тамыз аралығында ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 779 820 адам келді», - деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын 4 тамыз күні Орал қаласының тұрғыны Ғайса Жұмалиев «ЭКСПО-2017» көрмесінің екі миллионыншы келушісі атанып, Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов келушіні арнайы құттықтаған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше,  ЭКСПО қонақтары ең көп тамашалаған павильондар арасында – Африка плазасы, Египет,Түркия алғашқы үштіктің қатарында болса, Одан кейінгі орындарға Таиланд, Әзербайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Сауд Арабиясы Корольдігі ретімен жайғасқан.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар