Жеңіл атлетика • 21 Тамыз, 2017

Ольга Рыпакова Бирмингемдегі «Гаухар лигада» қола жүлдегер атанды

50 реткөрсетілді

Кеше түнде Англияның Бирмингем қаласында жеңіл атлетикадан «Гаухар лиганың» іріктеу кезеңі аяқталды.

«Александер Стадиум» стадионында үш қарғып секіруден 10 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды  kazathletics.kz. Негізі басында 9 атлет болған. Соңғы сәтте IAAF жергілікті атлет Лаура Самуэльді қосқан еді. Бірақ оның нәтижесі мәз болмады (13,26 метр): Соңғы орында қалып қойды.

Алғашқы мүмкіндіктен кейін тізгінді Рыпакова қолға алды. Ол 14,15 метрге секірді. Дегенмен екінші мүмкіндігінде ямайкалық Кимберли Уильямс барлығын басып озды (14,44 метр). Осыдан соң Ольга толық күшін сала қоймады. Себебі спортшы бұл нәтижесімен финалға ілігіп тұрған болатын. Төртінші рет секіргенде 14, 29 метрге жетті. Сөйтіп қола жүлдеге ие болды.

Ал бас жүлде Рио Олимпиадасының чемпионы Ибаргуэнге бұйырды. Колумбиялық спортшы алтыншы мүмкіндігінде 14,51 метрге секірді. Екінші орынға Уильямс тұрақтады.

Жақында ғана Лондонда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Юлимар Рохас Бирмингемде жетінші орынды қанағат тұтты.

 

Осылайша, 2017 жылғы «Гаухар лига» турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды. Енді алда спортшыларды финалдық кезең күтіп тұр.

 

Алғашқы финалдық кезең Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді. Оған ұпайы жоғары Катрин Ибаргуэн (31 ұпай), Кимберли Уильямс (24), Ольга Рыпакова (20), Юлимар Рохас (17), Патрисия Мамона (14),Параскеви Папахристу (6), Анна Князева-Миненко (5), Елена-Андреа Пантуриу (4) өтті.

 «Гаухар лига-2017». Бирмингем. Соңғы іріктеу кезеңі:

1. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14,51 м

2. Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14,44 м

3. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14,29 м

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Бүгін, 10:55

Әділдіктің бағдаршамы

Қоғам • Бүгін, 10:26

Бұл – халқымыз үшін тарихи күн

Президент • Бүгін, 10:19

Зығыр өндіруден бірінші орында

Экономика • Бүгін, 09:49

Ұқсас жаңалықтар