ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017

Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» экоакциясын бастады

118 реткөрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» экологиялық акциясын бастады.

Шара барысында әлеуметтік желі қолданушылары экологиялық идеяларды арнайы хэштегтермен бөліседі. Малайзияда бұл науқан басталған екен. 20 миллионнан астам адам #MyButterflyEffect, #Wattif хэштегтерімен жазба жариялап үлгерген.

1963 жылы Едвард Лоренз «Көбелек әсері» принципін ашыпты. Оның айтуынша, жер шарының бір бұрышында ұшып жүрген кішкентай көбелектің қанат қағысынан пайда болған жел әлемнің екінші бұрышындағы мұхит толқынына себеп болады. Яғни кішкентай көбелектің болмашы қанат қағысы үлкен нәтижеге жетелейді. Жоғарыдағы акция да бүкіл әлемге «жасыл» даму туралы идеяны насихаттау үшін «көбелек әсерін» тудыруға бағытталған.

Шараның салтанатты жағдайдағы ашылуына Малайзияның Селангор штатының мұрагер ханзадасы Тенгку Әмір Шах Ибн Сұлтан Идрис Шах арнайы келді. «Бұл апталық таза энергия өндірісіне жаңа қарқын береді, Қазақстан мен Малайзия жастары жасыл экономика идеясынан шабыт алып, «көбелектің әсерін» арттырады. Біздің науқан болашақтың энергиясы мен климаттың өзгеруі туралы маңызды тақырыпты көтеріп отыр және жастарға әлеуметтік желіде үн қатуға мүмкіндік беруде. Апта бойы әлеуметтік желіде «жасыл энергия» туралы жазбалардың көбеюіне атсалысамыз», еді ол.

Жиында қазақстандық «MOST» жас кәсіпкерлердің бизнес-инкубаторы мен «Future Innovation Council» малайзиялық үкіметтік емес ұйымдар желісі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, екі ұйым инновациялар мен өнімділікті арттыру бойынша бастамалар саласында бірге жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, «MOST» бизнес-инкубаторы малайзиялық «Techstars» жаңа стартап-инкубаторымен келісімге келді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар