Соңғы жаңалықтар
Саясат • 08 Сәуір, 2026
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына қатысты жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығы жерлерін беру тетігін электрондық конкурстарға көшіруге бағытталған түзетулерге арналды.
Президент • 08 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 08 Сәуір, 2026
Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Қызылордада жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Кездесуге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ашық диалог форматында өткен іс-шара практикалық тәжірибе алмасуға, тиімді мемлекеттік қызмет тәсілдерін талқылауға бағытталды.
Үкімет • 08 Сәуір, 2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ГФР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа бойынша статс-министрі Гюнтер Крихбаумды қабылдады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының базасында Қазақстан тарапының төрағалығымен Орталық Кеңестің он сегізінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың дайындығын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты
Ақтөбе қаласында облыс әкімдігі ғимараты өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2026
Қазақстанда жаңа алты мұнай кен орны анықталды
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров 2026 жылғы 7 сәуірде Мәжілістегі кулуарларда жаңа мұнай кен орындарының орналасқан жерін айтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Сәуір, 2026
Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Сәуір, 2026
Жаңа Конституция – орнықты болашақ кепілі
2026 жыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды кезеңге айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі түбегейлі өзгерістер мен әлемдік ахуалды ескере отырып, стратегиялық бағдар ретінде мықты демократиялық институттары бар, құқық үстемдігі орныққан Әділетті мемлекет құруды нақтылады. Реформаның нәтижесі болып отырған жаңа Ата заңның басты мақсаты – заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Технология • 07 Сәуір, 2026
Киберқауіпсіздік пен ЖИ-ді дамыту: Елордада Palo Alto Networks компаниясымен кездесу өтті
Елордада Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшы - Palo Alto Networks компаниясының делегациясымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 07 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды
«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық кәсіпкерлерге тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі ұсынымдар жазылған чек-парақтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Энергетика • 07 Сәуір, 2026
Текелі ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарынан кейін жабдықтардың тозуы екі есеге азайды
Жетісу облысында Текелі энергия кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл Текелі қаласы мен өңірге арналған негізгі электр қуаты көзі, деп жазады Egemen.kz.
Музей • 07 Сәуір, 2026
Биыл музейге 822 мыңнан астам адам барған
Қазақстанда музей мәдениетіне деген қызығушылық артып келеді. 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ел музейлерін 822 791 адам тамашалаған. Бұл саладағы жүйелі жұмыстың нәтижесі және халықтың мәдениетке бетбұрысының айқын көрінісі, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Сәуір, 2026
Сезініп көруге болатын фотокөрме: Алматылықтар «су астындағы өмірді» тамашалады
Алматыда еліміздің су асты маржандары мен сирек кездесетін жануарларды қорғау мәселесін қозғайтын «Көзге көрінбес әлем: су астындағы қала» атты фотокөрме ашылды. Бір жағынан көрме халықаралық ғалымдар мен отандық зерттеушілердің теңіз тіршілігіне қорған болып, биоалуандығын сақтауға үндейтін фотожұмыстарының басын қосып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
«NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «NBC TV» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Сәуір, 2026
Президент бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 07 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды
Бокстан ел құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдағы өнерін аяқтады. Ұлттық құрама сапынан соңғы болып 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2026
Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген
2025 жылы Қазақстандағы білім беру саласында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 322,7 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға жоғарылағанымен, инфляцияны есепке алғанда нақты табыс 4,1%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағында күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандар өздерін ақтауды талап етті
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар кассациялық шағым түсіріп, толық ақтауды талап етті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді, декп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2026
Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі бойынша алдыңғы орынға шықты. Елдегі мемлекеттік қолдау тетіктері көрші мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай кең әрі қаржылық тұрғыдан жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2026
Қазақстан әлемдік білім беру рейтингінде 18-орында тұр
Қазақстан білім беру саласында елеулі нәтижеге қол жеткізіп, Insider Global Education Index рейтингінде 18-орынға көтерілді. Ел 0,092 балл жинап, халықаралық деңгейде ықпалдасқан және тұрақты дамып келе жатқан білім беру жүйелері бар мемлекеттердің қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Балқаш көлі жағалауындағы жер учаскелері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылады
Жетісу облысында Балқаш көлі жағалауындағы жер телімдері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылатын болады. Бұл бастама көл жағалауын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 07 Сәуір, 2026
Иранның жоғарғы көшбасшысы ауыр халде жатыр
Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи қазіргі уақытта ауыр халде ем қабылдап, ес-түссіз күйде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Алматы облысында туристік нысандардың 80%-ы шомылу маусымына дайын
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Алматыда әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен жалғыз ұлының мәйіті табылды
Алматыда белгілі әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Бұған дейін ол 24 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Сәуір, 2026
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазақстанның басым бөлігінде тұрғындар алдағы күндері көктемге тән құбылмалы ауа райын сезінеді. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында тұрақсыз атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, кей өңірлерде жауын-шашын аралас түрде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Төтенше жағдайға дайындық: Жертөлелер мен паркингтер паналау орындарына айналады
Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жерасты кеңістіктерін қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 07 Сәуір, 2026
Павлодарда экологиялық талаптарды бұзған 8 әкім жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысы Аққулы ауданының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигоны анықталды. Қоқыс төгілген орындар экологиялық-санитариялық талаптарға сай болмаған әрі нормативтік-техникалық құжаты болмаған, деп жазады Egemen.kz.