Соңғы жаңалықтар
Медицина • 14 Наурыз, 2026
Көкшетауда заманауи көпбейінді аурухана бой көтереді
Көкшетау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) шеңберінде 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салу жөніндегі стратегиялық маңызы бар жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстанда донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды
Солтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының үйлестіруімен донорлық процесс жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Наурыз, 2026
Ұлттық каталогта тіркелген тауар саны 20 миллионға жетті
Қаржы министрлігі еліміздегі тауарларды есепке алудың бірыңғай цифрлы жүйесін қалыптастыруды көздейтін – «Тауарлардың ұлттық каталогы» (ТҰК) жобасын енгізуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды
Қазақстанда Astana Hub ұйымдастырған технологиялық жобаларға арналған ұлттық стартап-батл – Digital Qazaqstan Battle өңірлік жартылай финалдары аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша өз өңірлерін таныстырып, шешімдерін Шымкент қаласында өтетін Digital Qazaqstan форумы сахнасында ұсынатын 20 финалист анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Биыл бала күтіміне байланысты 112 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
2026 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 112,2 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 597,4 мың адам қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Наурыз, 2026
Абу-Дабиде әскери операцияның видеосын желіде таратқан 45 адам ұсталды
Абу-Даби қаласында әскери шиеленіс кезінде түрлі нысандарды видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялаған 45 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді
13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, талантты суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді. Бұл – қазақ бейнелеу өнерінің хас талантының ұзақ жылғы еңбегіне берілген үлкен баға, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 14 Наурыз, 2026
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде үш тракторшы қызмет етеді
Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінде сан түрлі мамандық иелері мерзімді әскери қызметтерін өткеріп жүр. Павлодар қаласындағы әскери бөлімге Шығыс Қазақстан және Қостанай өңірінен келген тракторшы мамандығын меңгерген үш сарбаз бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Қазақстан әлемнің 72-ден астам еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін тұрақты түрде дамытып, әлемдік астық нарығындағы орнын нығайтып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 14 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты
АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны (№9 WTA) екі сетте қапы қалдырды – 7:5, 6:4, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Наурыз, 2026
Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қоюды мақұлдады. Келісім Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС арасында жасалады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Алғаш рет қазақ альпинистері Эйгер тауының солтүстік қабырғасын бағындырды
Қазақстанның JASA TEAM командасының мүшелері Омар Асербеков пен Григорий Щукин Альпідегі ең күрделі классикалық бағыттардың бірін бағындырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Наурыз, 2026
Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 11 мыңнан астам бала дүниеге келді
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бастамашылық етілген отбасыларды қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті
14 наурыз – Көрісу күніне орай Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ата-аналары мен жақындарымен байланысып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар үшін бұл күн туған-туыспен амандық сұрасып, сағынышын басатын ерекше сәттердің бірі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті
Бүгінгі таңда Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған 321 келісімшарт, сондай-ақ көмір өндіруге арналған 36 келісімшарт қолданыста жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды
Бүгінгі күнге дейін Таяу Шығыс елдерінен жалпы алғанда 10 275 Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
Елімізде Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Наурыз, 2026
Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Астанада шақыртуға келген медицина қызметкерін ұрған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2026
Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлытау облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Жұмыс сапары барысында Қ. Бозымбаев Жезді өзенінің арнасындағы жағдаймен танысып, Қарсақпай, Сарлық, Қорғасын, Бозтұмсық және Малшыбай елді мекендерін су тасқынынан қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қарап шықты. Сонымен қатар Қарсақпай және Кененбай бөгеттерін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 14 Наурыз, 2026
Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды
14 наурызда Қазақстанда жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталады. Мерекелік онкүндіктің алғашқы күні – «Көрісу күні – Амал мерекесі» – жылы жүздесулерге, ізгі тілектер айтуға, үлкенге құрмет көрсетуге және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға арналады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр
Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстанда соңғы жеті жылда жол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы кезеңде елімізде республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 25 мың шақырымнан астамы салынып, реконструкцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты
Соңғы 7 жылда Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі екі есеге жуық өсіп, 2019 жылғы 5,2 трлн теңгеден 2025 жылы 9,8 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Наурыз, 2026
Өңделген өнім үлесі артып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларын дамыту бағытындағы алдын ала нәтижелер қаралды.
Қазақстан • 14 Наурыз, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елінің көк паспортын иеленген әрбір отандасымыз әлемнің қай түкпірінде жүрсе де мемлекеттің қорғауы мен қамқорлығында болатынын жиі айтып жүр. Күні кеше мәслихат депутаттарының ІІІ форумында да Таяу Шығыстағы шиеленісті ахуалға тоқтала келе, еліміз қақтығыс аймағында жүрген азаматтарын далада қалдырмай, туған жерге әкеліп жатқанын атап өтті.
Қаржы • 14 Наурыз, 2026
14 наурызда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
«Қазақ газеттері» серіктестігінде Маңғыстау облысының мәслихат депутаттары мен басылым ұжымы кездесті.
Референдум • 14 Наурыз, 2026
Алматыда республикалық референдум қарсаңында Тәуелсіз байқаушылар ақпараттық штабының екінші брифингі өтті. Штаб дауыс беру кезеңіндегі жұмысты үйлестіру және қоғамды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылған.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автожолдардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 14 Наурыз, 2026
Референдумға дайындық барысы пысықталды
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанға республикалық референдумды байқауға келген халықаралық байқау миссияларының басшылары және шетелдік сайлау органдарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Өндіріс • 14 Наурыз, 2026
Еліміздің өңдеу өнеркәсібінде кейінгі жылдары қарқын ала бастаған саланың бірі – жиһаз өндірісі. Былтырғы қорытынды мұндағы өсімнің кездейсоқ емес екенін көрсетіп отыр. Отандық кәсіпорындар өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтып, ішкі нарықтағы үлесін де, экспорттау аясын да кеңейтті.