Оқиға елордадағы сауда орталықтарының бірінде болған. Жедел жәрдем бригадасы медициналық көмекке мұқтаж деген хабарлама бойынша шақыртуға барған. Оқиға орнында мас күйіндегі екі ер адамның бірі денсаулығына шағымданған.
«12 жылға дейін қамау»: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза бекітілді
Медицина қызметкерлері тиісті тексеру жүргізіп, алғашқы көмек көрсеткен. Алайда дәрігерлер кетуге оқталған сәтте, ер адамдардың бірі агрессия танытып, фельдшерді ұрып жіберген.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24B мекенжайындағы тоғыз қабатты ғимараттың қасбетінен кірпіш жабыны құлады. Салдарынан бес адам жарақат алып, №1 жалпы ауруханаға жеткізілген. 18 қарашада жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды. 18 қарашада, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен наградтады.