ай
Сауда • 14 Қаңтар, 2026
Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында соңғы 2 айдың ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 74 әкімшілік шара қолданылып, 481 030 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 14 Қаңтар, 2026
Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. Президент тапсырмасы аясында қолға алынған игі жоба алдағы жазда толық аяқталып, әуежай ел игіліне қызмет ете бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 14 Қаңтар, 2026
Қайрат Сатыбалдының қонақүйі мемлекетке қайтарылды
Алматыдағы Есентай өзенінің жағасында орналасқан қонақүй ғимараты мемлекет меншігіне өтті. Бұл нысан Қайрат Сатыбалдыға кезінде сыйға тартылған. Ақпаратты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті таратты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндірісі күрт төмендеді
2026 жылдың қаңтар айының алғашқы 12 күнінде Қазақстанның Каспий қайраңындағы ірі кен орындарында мұнай мен газ конденсатының тәуліктік өндірісі айтарлықтай азайды. Көрсеткіштер өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстан мұнайы теңізге неге жете алмай жатыр?
Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы порты соңғы апталарда қайта-қайта тоқтап, Қазақстан мұнайын тиеу күрт азайды. Ауа райының бұзылуы, жоспарлы жөндеу және дрондардан келген зақым салдарынан порт толық қуатта жұмыс істей алмай отыр. Соның салдары экспорт көлеміне тікелей әсер етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Ақпан айында мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Қыстың соңғы айы ең қысқа уақыт. Сондықтан ақпанда ел тұрғындарын барлығы 8 демалыс күні ғана күтеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Қаңтар, 2026
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 14 Қаңтар, 2026
АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Мәлімдемеге қатысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын танкерлер шабуылға ұшырады
Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын екі кемеге шабуыл жасалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Таиландтағы қайық апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы белгілі болды
11 қаңтарда Пхукет маңында Андаман теңізінде экскурсиялық қайық кемемен соқтығысып, аударылған. Бортта Қазақстанның сегіз азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қаңтар, 2026
14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды
Астана қаласында ертең, яғни 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Алматыда қалың қар, Астанада-30 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер Астана мен Алматы қалаларына 14,15 және 16 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды
Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге, жәбірленуші отбасының 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
2026 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі жарияланды
Жер шарындағы ең ауқатты жиырма адамның жиынтық байлығы 3,8 трлн долларға жуықтады. Бұл сома көптеген елдің жалпы ішкі өнімінен асып түседі. Соңғы жылдары миллиардерлердің дәулеті бұрын-соңды болмаған қарқынмен ұлғайып келеді, деп жазаы Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 13 Қаңтар, 2026
Майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Ақтау қаласында 99 жасқа толған соғыс ардагері Василий Салазкинге Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері министрдің атынан құттықтау хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қаңтар, 2026
Әуежайда әріптесін алдап, 1 млн теңге алған экс-қызметкер сотталды
Алматыда әуежайдың экономикалық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген бұрынғы қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Ол әріптесінен тәртіптік комиссияның шешіміне ықпал етемін деп уәде беріп, 1 млн теңге алған. Алайда сот оны алаяқтық деп таныды, деп жазады Egemen.kz
Дін • 13 Қаңтар, 2026
Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін бекітті. Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Ирандағы ахуалға байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттады. Бұған Ирандағы саяси ахуал және оған қарсы санкциялардың күшеюі себеп болды. 12 қаңтарда мұнай жеті аптадағы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны рас па?
Әлеуметтік желіде Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны туралы бейнежазба тарады. Алайда бұл жазба әлі ресми түрде расталған жоқ. Бейресми деректер мен болжамдарға сенсек, балықтардың жаппай қырылуына радонға бай жерасты суының өзенге қосылып кетуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ал шығыс өңірлерде түнде қалың қар түсуі мүмкін. Батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды
Қостанай қаласының №2 соты 44 жастағы Юлия Хонды Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ одан 826 мың теңге көлемінде процессуалдық шығын өндіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 12 Қаңтар, 2026
Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Қытайдың Сычуань провинциясына қарасты Лучжоу қаласында ересектер арасында аралас жекпе-жек өнері (AMMA) бойынша Азияның III чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді
Қолайсыз ауа райы салдарынан елорда әуежайында ұшу кестесіне уақытша өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда Астана бағытына қатынайтын алты рейс кешігіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 12 Қаңтар, 2026
«Алтын глобус»: Үздік ерлі-зайыпты рөліндегі актер мен актриса анықталды
Дүйсенбіде Голливудтағы «Алтын глобус» сыйлығының бірінші марапаттары табысталды. Алғашқы жеңімпаздар қатарында актриса Тейана Тейлор және актер Стеллан Скарсгард болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осылайша, отандық нарықтағы отын бағасы ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердегі бағалармен теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті
Зайсан ауданының Шілікті ауылына интернет жетті. Алтын адам шыққан тарихи мекеннің тұрғындары бұл күнді көп күтті. Енді ауыл халқы ұялы байланысқа емін-еркін қосылып, интернеттің игілігін көретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Блогер Қайсар Қамза өзіне іздеу салынғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
Қайсар Қамзаға іздеу жарияланғаннан кейін блогер алғаш рет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 12 Қаңтар, 2026
Қостанайда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды
Меңдіқара ауданына қарасты Тарасовка ауылында 1926 жылғы 10 қаңтарда дүниеге келген майдангер Ділдәбек Нұрышевті қалалық ардагерлер кеңесі мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.