ем
Заң • 17 Желтоқсан, 2025
Алаяқтарға сенген павлодарлық зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылды
Павлодарлық 72 жастағы зейнеткерге алаяқтар Ресейде тіркелген нөмірден қоңырау шалып, өзін дәрігер ретінде таныстырған. Белгісіз ер адам қартқа басқа емханадан екпе алу керек екенін айтып, сөйлесу барысында ұялы телефонына смс-код жіберген. Осылайша алаяқтар зейнеткердің есепшотына қол жеткізген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Биыл бала туғаны және бала күтімі үшін ел тұрғындары қанша ақша алды?
2025 жылы 535 мыңнан астам қазақстандық бала тууына және бала күтіміне байланысты мемлекеттік қолдауға ие болды. Бала тууға және күтімге арналған жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі 749 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Желтоқсан, 2025
Маңғыстаулық студенттер халықаралық жарыста қола жүлде еншіледі
«2025 China Grand Final» шеңберінде «BRICS Skills Competition» халықаралық чемпионаты Қытайдың Шаоян қаласында өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Бангладеш, Лаос, Гана, Нигерия, Руанда, Оңтүстік Африка елдерінен 82 команда қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2025
Трамп Би-би-сиден 5 млрд доллар өндіріп алмақшы
АҚШ президенті Дональд Трамп британдық хабар тарату корпорациясын (BBC) жала жапты деп айыптап, 5 миллиард доллар көлемінде өтемақы өндіруді талап етіп, сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа келбетке енді
Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы, Бостандық ауданында, Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толық жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«2 миллион теңге»: Англиялық футбол жанкүйерлері билет бағасына наразылық білдірді
Футбол жанкүйерлері 2026 жылы Мексикада, АҚШ пен Канадада өтетін әлем чемпионатына билеттердің тым қымбат болуына байланысты наразылық білдіріп, оларды сатып алмауға үндеу тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 15 Желтоқсан, 2025
Қысқы демалыс: Алматы облысында қыста қайда баруға болады?
Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға арналған қысқы демалысқа баруға болатын Алматы облысының үздік 8 бағытын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік секторды жаңғырту қандай нәтиже берді?
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша әлеуметтік-еңбек саласында жалпы 5,8 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 3,9 миллионы немесе 67,2%-ы электронды түрде (соның ішінде 1,6 миллионы проактивті форматта), ал 1,9 миллионы немесе 32,8%-ы қағаз түрінде ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алты медаль иеленді
Қазақстанның ерлер құрамасы Дубай қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, алты медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Желтоқсан, 2025
Теміржолдағы қайғылы оқиға: қаза тапқан 4 теміржолшының аты-жөні белгілі болды
Мойынты – Шығанақ учаскесінде өндірістік жұмыстар атқару кезінде қаза тапқан «Қазақстан темір жолы» АҚ төрт қызметкерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
«Семей тазалық» мекемесі сөгіс алды
Семей қаласында тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесі өзекті болып отыр. Қала тұрғындары қоқыстың жинақталып қалуына, арнайы контейнерлердің толып кетуіне, кей аудандарда бірнеше күн қатарынан мүлде тазаланбайтынына шағымданып отыр. Осыған байланысты «Семей тазалық» мекемесінің жұмысы қоғам тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстан азаматы неміс банктерінің деректерін ұрлаған
Германия азаматтарының банк шоттарына және жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында қолға түсірген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен кездесу өткізді
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA рейтингінде көш бастады
Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турынан кейінгі статистика бойынша ең жоғары рейтингке ие болған футболшылардың тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Ресей Байқоңырға қатысты маңызды шешім қабылдады
Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы жуырда болған зымыран ұшырылымы кезінде зақымданған платформаны толық ауыстыруды жоспарлап отыр. Яғни, бүлінген қызмет көрсету платформасының орнына қордағы резервтік платформа орнатылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барып, қалалық жедел медициналық көмектің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем бөлімшесіне Hyundai Staria маркалы бес жаңа жедел жәрдем автокөлігін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Желтоқсан, 2025
Севоран: Баланы ұйықтатып тісін емдеудің қаупі мен тиімділігі қандай?
Соңғы жылдары балалар тісін жалпы анестезиямен емдеу жиілеп, ата-аналарды севоранның қауіпсіздігі алаңдатып отыр. Мамандар бұл препарат баланың психикасын қорғайтынын және қорқыныш сезімін сейілтетінін айтады. Осы орайда Egemen.kz тілшісі білікті мамандардан севоранның қолданылуы, артықшылықтары мен мүмкін қауіптері жөнінде толық ақпарат алды.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Иран президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында тариф бағасын негізсіз көтерген мекемелер анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облыстық департаменті биыл облыс көлемінде 62 кәсіпорынға мониторинг жұмыстарын жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 58 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Енді балалар ұйымдарына тексеріс кенеттен жүргізіледі
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Мемлекеттік бақылау 4 желтоқсанда Президент қол қойған заңмен реттеледі. Бақылаудың арнайы тәртібі бекітіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Аз қамтылған отбасылар коммуналдық төлем бойынша өтемақыны қалай алады?
Қазақстанда әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған тұрғын үй көмегі жүйесі ұзақ жылдар бойы халыққа демеу болып келеді. Бұл механизм ең мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді тек алу немесе жалға алу деңгейінде ғана емес, коммуналдық қызметтерге, жылу мен суға жұмсалатын шығынның бір бөлігін өтеп, отбасының қаржылық жүктемесін азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Президент «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Президент Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Өскеменде көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті
«Шығыс сымбаты» халықаралық турниріне еліміздің әр өңірінен және шетелден келген 500-ден аса жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылда ел тұрғындары қанша күн демалады?
2025 жылдың желтоқсанында ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды
Алматылық «Қайрат» пен гректің «Олимпиакосы» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур матчына берілген бағалар жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісі жөнделеді
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.