у
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Иргели ауылындағы Лев Толстой атындағы мектепте мұғалімдерден жаңа жылдық безендіру мен балаларға арналған костюмдерге ақша жиналған. Педагогтардың айтуынша, бұл іске қатысудан бас тартқандарға қысым көрсетіліп, кемсіту болғаны туралы видео тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тауар айналымына қатысатын барлық өнім Ұлттық тауарлар каталогінде (ҰТК) тіркелуі тиіс. Бұл талап сауда көлемінің, соның ішінде онлайн сауданың күрт өсуіне және елдегі цифрландыру үдерісінің жедел дамуына байланысты қабылданған. Жаңа жүйе мемлекет пен бизнес үшін ортақ, бірізді әрі ашық тауарлық деректер кеңістігін қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, биыл Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткенін айтуға болады. Бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2025
Лукашенко 22 сотталған азаматқа кешірім жасады
Беларусь президенті Александр Лукашенко мереке қарсаңында 22 адамды босату туралы шешім қабылдады. Олардың басым бөлігі экстремизм үшін сотталғандар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Президент құқық бұзушылыққа қатысты бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламаларда айтылды. Құқық бұзушылыққа қатысты заңдардың мәтіндері баспасөз беттерінде жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Нұрдәулет Сүйіндіков лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында бір жыл ішінде 61 бала биіктен құлаған
Атырау облысында жыл басынан бері биіктен құлауға байланысты 155 дерек тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мұндай жағдайға себеп болатын бірнеше жайтты атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда жолдардың жабылуына байланысты қосымша пойыздар іске қосылды
Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше тасжолда қозғалыс шектелді. Осыған орай «Жолаушылар тасымалы» компаниясы азаматтардың діттеген жеріне аман-есен жетуі үшін 13 қала маңындағы пойызды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Атырау облысының төрт ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Бас прокурордың бұйрығымен Атырау облысына қарасты Махамбет, Жылыой, Қызылқоға және Мақат ауданының жаңа прокурорлары қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды
Ауа райының күрделі жағдайы сақталып, мұз қататын жаңбыр салдарынан бірқатар рейс кешігіп орындалып жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Grand Tour Biathlon жобасы неліктен маңызды?
Биатлон федерациясы өңірлерден таланттарды іздеу бойынша бірегей жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл әлемдік стандарттарға барынша жақын балалар жарыстарының жаңа форматы. Жаңашылдық туралы Үкімет отырысында федерацияның бас хатшысы Манас Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы жыл басынан бері 95 заң мен 388 жарлыққа қол қойды
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл атқарған нормативтік-құқықтық жұмыстарының қорытындысын жариялады. Мемлекет басшысы стратегиялық маңызы бар кодекстермен қатар, жаңа қалалардың мәртебесін айқындайтын құжаттарды бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Желтоқсан, 2025
Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы 500-ге жуық қызметкерге жоғары марапаттар табысталды
Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында атқарылған істерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 30 Желтоқсан, 2025
Аlemcloud ұлттық суперкомпьютері TOP-500 рейтингіне енді
Президент биылғы Жолдауында Қазақстанды алдағы үш жылдың ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойған еді. Еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында қыруар шаруа атқарылды. Саладағы ілкімді нәтижелерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының елімізді ірі транзит хабына айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 30 Желтоқсан, 2025
Жуалы аудананың орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында даңқты батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Қарағанды тасжолы шұғыл жабылды
30 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана – Қарағанды бағытындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Шымкентте бір отбасының сегіз мүшесі газдан уланды
Шымкент қаласының Абай ауданында бір отбасы тұтастай газдан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz OTYRAR басылымына сілтеме жасап.
Сауда • 29 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
Сауда және интеграция министрлігі Жаңа жыл қарсаңында «Береке Fest» республикалық акциясын қайта өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2025
Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Инфрақұрылым • 29 Желтоқсан, 2025
Жолдағы мұзды кетіру үшін қолданылып келген тұздан бас тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қауіпсіз онлайн-сауда: суық қару сатылымнан алынып тасталуы тиіс
Бас көлік прокуратурасы интернет-кеңістіктегі суық қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалардың құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Балабақшаларда кезек 2 есе азайды
Президент тапсырмасы бойынша балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2025
Қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстайды?
Келесі жылдың ақпан айында Италияда қысқы Олимпия ойындары басталады. Дүбірлі аламанда еліміздің делегациясын бастап, ту ұстап шығушы спортшылар әлі нақты анықталған жоқ деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп жазады Ақорда.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?
Қазақстан үшін 2025 жыл – экономикалық немесе инфрақұрылымдық өзгерістермен ғана емес, қоғамдық пікірді қақ жарған мәлімдемелер мен бастамалармен есте қалды. Бұлардың кейбірі халықаралық қарсылық туғызса, енді бірі ел ішінде талқыға түсті. Әсіресе ЛГБТ, уақыт белдеуі, тіл мәселесі қоғамда көбірек дау нысанасына ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Ортадересін ауылдық округінде тұрғындар үшін аса маңызды әлеуметтік нысан – жаңа медициналық пункт өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.