Арман Шаққалиев
Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024
Енді ел азаматтары қызмет көрсету ақысын мәзірде көрсетілген болса ғана төлейді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен кездесті. Кездесуде мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге қызмет көрсеткені үшін 10% төлем алу тәжірибесінің заңдылығын, сондай-ақ депозиттік жүйе мәселелері талқыланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 30 Тамыз, 2024
Арман Шаққалиев: Отандық сауда-саттық әлеуетін арттыру шаралары тиімді бола түсті
Еліміздегі өндіріс деңгейі шарықтап кетпесе де, азық-түлік тауарларын өндіру ісі біршама ілгеріледі. Экспорттық әлеует те соңғы жылдары арта бастады. Әрине, түйткілдер де жоқ емес. Отандық өндірушілердің сауда желілеріне өнімімізді орналастыра алмаймыз деген жанайқайын талай естідік. Таяуда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен сұхбаттасудың сәті түсіп, сауда саласының сан қатпарына қатысты сауалдарымызды қойдық.
Сауда • 21 Тамыз, 2024
Өнім қауіпсіздігін бақылау күшейтіледі
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен министрлік алаңында Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда ұлттық техникалық регламенттерді, ЕАЭО техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерін әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылына қатысты негізгі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Шілде, 2024
Арман Шаққалиев ҚХР Коммерция министрімен кездесті
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қытай Халық Республикасының Коммерция министрі Ван Вэньтаомен кездесті. Вэньтао елімізге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында келген. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, экспортты ілгерілету және электронды коммерция мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.