Астана тазалық
Жастар • Бүгін, 17:53
Астанада өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген студенттер жалақы алады
Елордадағы «Астана Тазалық» кәсіпорны болашақ мамандарды өндірістік ортада даярлаудың тиімді үлгісін көрсетіп отыр. Мұнда өндірістік практикадан өтіп жүрген колледж студенттері тек тәжірибе жинақтап қана қоймай, ай сайын шамамен 150 мың теңге көлемінде жалақы алады. Egemen.kz тілшісі кәсіпорынның техникалық базасына барып, студенттердің жұмысымен танысып, олардың күнделікті атқарып жүрген міндеттерін көріп қайтты.
Елорда • 10 Маусым, 2025
Тазалық табалдырықтан басталады
Астана ғаламдық мөлшер мерзімінде алсақ аз уақытта елдің басты ордасы болуымен қатар жаһандық жиын, мәдени майдан ошағына айналды. Сондықтан Қазақстанның келбеттік көрсеткішінің таза әрі жайлы болуы – мүдделі меже. Бас шаһар бұл тұрғыда қанатын қомдап, қарқынын үдетіп келеді. Алғашқы оң нәтижелер тайға таңба басқандай айқындалып, елорда тазалығы әлемдік рейтингтер ретіне іліге бастады. Мәселен, бұған дейін «The Telegraph» басылымы әлемдегі экологиялық ең таза қалалардың тізімін тізбектегенде Астана озық отыздың қатарынан табылды. Мұндай биік белестер қарапайым қадамдар мен жұмысшы мамандардың маңдай терімен байланысып жатқаны сөзсіз.
Елорда • 03 Қазан, 2022
«Астана Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы өседі
Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Астана Тазалық» компаниясын 14-жылдығымен құттықтап, қызметкерлерін жағымды жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz қала басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2020
Жассарбаздықтар "Астана тазалық" қызметкерлеріне қолұшын тигізді
Елордалық "Жас сарбаз" қозғалысы "30 игі істі" жалғастырып, қала көшелерін қардан тазалауға көмектесіп отыр. Акция аясында 60-қа жуық қызметкерге ыстық шай мен бауырсақтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz