Елорда • 12 Желтоқсан, 2020

Жассарбаздықтар "Астана тазалық" қызметкерлеріне қолұшын тигізді

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық "Жас сарбаз" қозғалысы "30 игі істі" жалғастырып, қала көшелерін қардан тазалауға көмектесіп отыр. Акция аясында 60-қа жуық қызметкерге ыстық шай мен бауырсақтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жассарбаздықтар "Астана тазалық" қызметкерлеріне қолұшын тигізді

"Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Оразұлы Мендыгалиев аталған шара жалғасын тауып жатқанына алғысын жеткізді. Одан бөлек, игі дәстүр тамыр жайып, кеңінен қанаттанатынына сенім білдірді.

Осы тұста Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Бағдатұлы Налшыбек те: "Әр жыл сайын, қыс мезгілі қахарына мініп қалың қар түскенде, тынбай еңбек ететін жандар бары баршамызға мәлім. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында дәл осы жандарға кішігірім болсын көмек көрсетіп, жылу сыйлау болды. Сонымен бірге "30 игі іс" және "Жүректен жүрекке мейірімділік сыйлайық" акциясы аясында, елорда көшелерін қардан тазалайтын "Астана тазалық" қызметкерлеріне ыстық шай және бауырсақ таратып, жұмыстарына қолұшын тигізіп, барымызды салып қолдау көрсетіп қайттық. Бұдан өзге, аязды күні аялдамада автобус күтіп, жаурап тұрған қала тұрғындарын да діттеген жеріне жеткізіп тастадық", деп айтып өтті.

"Волонтерлер үнемі келіп көмектесіп тұрады. Жігіттер мен қыздарға алғысымызды білдіреміз. Мұндай аязды күндері бір шыны-аяқ шайдың өзі денеге де жүрекке де жылу сыйлайды", дейді Астана тазалық ЖШС жұмысшысы.