Ахмет Байтұрсынов
Руханият • 13 Қазан, 2021
Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды
Оңтүстік шаһардағы оңды оқиғаның бірі Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Тамыз, 2021
Әлемдегі кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты белгісі – ғылым, білімінің даму дәрежесі. Халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз осының айқын дәлеліндей. Әуелі ұлт білімді болуы тиіс. Сосын: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», деп данышпан Абай айтқандай, білімдінің сөзі талапты ұрпаққа жетуі керек. Сонда ұлт та, ұрпақ та ғаламдық ақыл-ой бәсекесінің алдына шығатын болады.
Руханият • 18 Ақпан, 2021
Сенатор Алтынбек Нухұлы: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде атап өту маңызды
Алаш қозғалысының рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойы жақын қалды, деп хабарлайды Egemen.kz