Руханият • 13 Қазан, 2021

Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды

1468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік шаһардағы оңды оқиғаның бірі ­­ Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев А.Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барып, мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

рп

«Келер жылы көрнекті ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады», деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

5

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш. м.

о

ло

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материалдар сақталған.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материалдар сақталған.