Бастау Бизнес
Елорда • 21 Ақпан, 2022
Елордада 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Бір жыл ішінде 23 мыңнан астам елордалық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 18 924 адам жүгінді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23 240 адам қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бизнес • 09 Тамыз, 2021
Бизнеске бейім бикелер кәсіп ашып, табыс тауып жүр
Жетісуда шағын және орта бизнес саласының дамуына өз үлесін қосып, жаңадан кәсіп ашуға ақ жаулықты аналар мен жас қыздар батыл кірісуде. Олар мемлекеттік бағдарлама көмегінің нәтижесінде жеке істерін дөңгелетіп отыр. Мәселен, Ұйғыр ауданының тұрғыны Юлдуз Тураева тоқыма бұйымдарын өндірумен айналысса, текелілік Гүлдана Өміртайқызы кофейня ашып, игілігін көре бастады. Екі кәсіпкер де нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасына сәйкес «Бастау Бизнес» оқыту жобасына қатысып, грантқа ие болған екен. Ал көксулық көпбалалы ана Альмира Дәулетованың бастамасының жүзеге асуына да мемлекеттік қолдау себеп болған. Бәрін ретімен баяндалық...
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Павлодарда "Бастау бизнес" жобасының 1350 қатысушысы онлайн оқиды
Еліміздегі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының мәліметінше, "Бастау бизнес" жобасы 10 маусым-30-шы қыркүйек аралығында өтеді. Ал жобаға қатысушы адамдарды тегін оқыту биыл карантиндік шектеулерге байланысты онлайн түрде өткізіледі, - деп хабарлады Egemen.kz.