Бақыт Сәрсекбаев
Бокс • Бүгін, 17:42
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ерлер құрамасын сынға алды
Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесулерінде ерлер сапынан үш боксшы алғашқы айналымда-ақ жеңілді. Олар: 71 келіде Асланбек Шымбергенов, +92 келі салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев және 57 келіде Махмұд Сабырхан. Осы сәтсіздікке қатысты 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадада 69 келіде чемпион атанып, алтын медаль тағынған және Вэл Баркер кубогін иемденген Бақыт Сәрсекбаев пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.