Спорт • 11 Қаңтар, 2026

Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі спортшы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде еліміздің бокс федерациясы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады

Бақыт Сәрсекбаев қазірге дейін бұл қызметті атқарған Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 1981 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанса, 2006 жылы Қатар астанасы Доха қаласында Азия ойындарының жеңімпазы, үш дүркін Азия чемпионы болды.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты

Тәжірибелі маман 2024 жылдың желтоқсан айынан еліміздің 22 жасқа дейінгілер арасындағы құрамасының аға бапкері қызметін атқарған еді. Федерация бұл жоба жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Онда шеберлігін шыңдаған боксшылар енді ұлттық құрама сапына қосылады. 

Айта кетейік, ел боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастады.

Соңғы жаңалықтар