Дәстүрлі садақ ату
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Елімізде ұлттық спортқа қаншалықты көңіл бөлініп жатыр
Елімізде ұлттық спортты ұнатып қана қоймай, мән бере айналысып жүргендер нөпірі артып келеді. Қалың қауым ден қойып, қайта сәнге айналған спорттың бірі – садақ ату. Ежелде жауға шапқанда алғышептен қорамсаққа қол салған мергендер орын алған. Бейбіт күнде мазмұны түрленген садақ ату ойды жинақтап, ептілікке баулитын – ұлттық спорт. Елімізде Республикалық садақ ату федерациясы 2019 жылы құрылған. 2022 жылға дейін өзін спорт ретінде дәлелдеп, сол жылдың қазанында тұңғыш рет Маңғыстауда ҚР чемпионаты өтті. Алғашқы мергендер бәсекесіне 200-ге жуық адам қатысқан. Федерация құрылған тұста садақ атуды жанынан серік етіп, кәсіби деңгейде көңіл бөлген 50 спортшы болса, бүгінде бұл көрсеткіш 300-ге жеткен. Оның ішінде 52 мерген ел намысын әр деңгейдегі дүбірлі додаларда қорғап жүр. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі 8 садақшы мемлекет тарапынан стипендия иегері атанған. Садақ атудың тартымдылығы арта түскенін федерацияның 20 өңірде ашылғанын-ақ аңғаруға болады, деп жазады Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақстан - садақ атудан күміс жүлдегер
Бүгін финалдық кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 10 Қыркүйек, 2024
Садақшылар бір «күміс» бір «қола» еншіледі
Дәстүрлі садақ атудан сайыстар «Арғымақ» ат-спорты кешенінде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 13 Мамыр, 2024
Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогі мәресіне жетті
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық шеңберінде Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогі аяқталды. Оған қатысқан 300-ден астам садақшы 4 түрлі нысана бойынша сайысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Ақпан, 2024
Дәстүрлі садақ ату спортшылары Малайзияға аттанды
Садақ атудан ҚР Ұлттық құрамасы құрылды. Анжела Тарыца, Айым Тілепберген, Ербол Тапенов, Қанат Абылайхан дәстүрлі садақ атудан спорт шебері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының мәліметіне сілтеме жасап.