Ем
Оқиға • Бүгін, 17:14
Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты
Әлеуметтік желілерде әйелдерге арналған мастер-класс кезінде түсірілген видео тарады. Кадрларда қатысушылар эмоциясын бейәдеп сөздер айтқан сәттері көрінеді. Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаменті психологиялық семинар барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 15:57
Мемлекет басшысы: Түркі тілі, ислам дәстүрлері мен дала даналығы Алтын Орда кезеңінде біте қайнасты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан әрі дами түсуі заңдылық екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 15:43
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан симпозиумда ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 15:20
Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі
Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан халықаралық симпозиумда айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:10
Енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі
2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда автокөлікті тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, пайдаланылған мемлекеттік нөмірлерді иесінің туыстарына немесе мұрагерлеріне беруге мүмкіндік туады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 10:53
«Жалақыда айырмашылық бар»: Темір қаласының тұрғындары ауыл мәртебесін беруді сұрап отыр
Ақтөбе облысындағы Темір қаласының тұрғындары бастама көтеріп, елді мекенге қала емес, ауыл мәртебесін беруді сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Бүгін, 08:24
Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Құрама сапына «Сантос» шабуылшысы Неймар да енді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты негізгі сот процесі 28 мамырға белгіленді
Атырауда Сұлтан Сәрсемаливке қатысты алдын ала сот отырысы өтіп жатыр. Сот процесінде ол алқабилердің қатысуымен істі қараудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Сәрсемалиев ісі: Прокурор қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді
Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Сұлтан Сәрсемалив ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Ол бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Түркі мемлекеттері ұйымы 2027 жылы бірлескен жасанды жер серігін ұшырады
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) келер жылы орбитаға бірлескен ғылыми-технологиялық спутнигін ұшырады. Қазіргі уақытта жобаның сызбасы сызылып, құрастыру сатысы қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
«Өлім жазасына дайынмын»: Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұртын не үшін өлтіргенін айтты
Атырау облысының Жангелдин ауылында болған бір отбасының төрт мүшесінің қазасына қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысында күдікті қандай жаза түрі болса да арқалауға дайын екендігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Туу көрсеткішінің төмендеуіне смартфондардың қатысы бар ма?
Financial Times жариялаған зерттеу смартфондардың кең таралуы мен әлемдегі туу көрсеткішінің төмендеуі арасында байланыс бар екенін көрсетті. Цинциннати университетінің ғалымдары 4G желісі ерте іске қосылған аймақтарда жастар арасындағы туу деңгейі аз уақытта құлдырап кеткенін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды
ШҚО-ның Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • Кеше
Емханаға тіркелу ережесі жаңарады: Министрлік жаңа жоба ұсынды
Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек (ПМСП) ұйымдарына азаматтарды тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін
Франция құқық қорғау органдары X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маскқа қатысты тергеу нәтижесінде оны қамауға алу ордерін шығаруы мүмкін. Бұл туралы Париж прокуроры Лор Бекко телеарна эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 17 Мамыр, 2026
Отандық ғалымдар жусанға аллергияны бір аптада емдейтін дәріні әзірледі
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі маусымдық аллергияның ең көп таралған себептерінің бірі – жусан тозаңына аллергияны емдеуге арналған отандық препаратты клиникалық зерттеудің екінші кезеңін бастады. Оған расталған диагнозы бар 138 пациент қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Мамыр, 2026
Президент Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Мамыр, 2026
Ортақ құндылықтар мен ортақ мүдде: Түркі әлемінің даму бағыты
Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) халықаралық қатынастар жүйесінде өңірлік интеграцияны тереңдетуге бағытталған маңызды алаңдардың біріне айналып отыр. Ұйым аясында саяси диалогты нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты арттыру бағытында бірқатар жүйелі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Түркі әлемінің ортақ тарихи тамырлары мен құндылықтары бұл үдерістің негізін құрайды.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі. Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Өскемендегі саябақтан Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне орнатылған мүсін жоғалып кетті
Өскемен қаласындағы саябақтардың бірінен атақты қазақ балуаны, жаттықтырушы әрі Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке орнатылған мүсін жоғалып кетті. Тас мүсіннің ғайып болуы көпшілікті алаңдатып қойды. Бұл ескерткіш былтыр ғана орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 15 Мамыр, 2026
Қазақ боксшылары Азия додасында 7 алтын медаль еншіледі
World boxing ұйымының ұйымдастырумен Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте Азия чемпионаты өтіп жатыр. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан боксшылары 7 алтын, 8 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Мамыр, 2026
«Қазақстан Халық Кеңесіне» қандай міндеттер жүктеледі?
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы Конституциялық заң жобасын таныстырды. Заң жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің мақсат-міндеттері, қызмет қағидаттары мен өкілеттіктері айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген
Шығыс Қазақстан облысындағы балалар тіс емханасының 53 жұмысшысы екі айдан бері тиісті жалақысын ала алмай келген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Иран Қытай кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Иран Ормұз бұғазы арқылы Қытайдың бірқатар кемелеріне өтуге рұқсат берді. Бұл шешім Қытай Сыртқы істер министрі мен Ирандағы Қытай елшісінің өтініштерінен кейін қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Елімізде азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешірілетін болды
Қазақстанда банкрот деп танылған азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешіріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 1 118 азамат пайдаланған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
2025 жылы «Қазцинк» компаниясының Өскемен қаласындағы зауытына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.