Жасанды интеллект
Энергетика • 27 Маусым, 2026
Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС-1 жұмысын тәулік бойы бақылауда
2026 жылды Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау аясында Энергетика министрлігі энергетика саласын цифрлық трансформациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Салалық компаниялармен бірлесіп заманауи цифрлық технологиялар енгізіліп, өндірістік процестер автоматтандырылып, интеллектуалды басқару жүйелері дамытылуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 26 Маусым, 2026
1 миллионнан астам адам ЖИ-мен жұмыс істеу негіздерін үйренді
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депуттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Маусым, 2026
Лу Бань шеберханасы: ЖИ мен робототехниканың жаңа орталығы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Тяньцзинь кәсіптік институтымен бірлесіп құрылған Лу Бань шеберханасы ашылды. Шеберхана – Қазақстан бен Қытай арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықтың жарқын жемісі ретінде бағаланып отыр. Заманауи технологиялар мен инженерлік білімді ұштастыратын бұл жоба екі елдің білім-ғылым саласындағы серіктестігінің жаңа кезеңін айқындайды.
Тағайындау • 22 Маусым, 2026
Жасанды интеллект саласына жауапты жаңа вице-министр тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 19 Маусым, 2026
Жасанды интеллект мамандарына арналған алғашқы «Болашақ» стипендиялары берілді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Технология • 18 Маусым, 2026
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан журналистика академиясының бірлескен көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2026
Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?
Елімізде 2035 жылға қарай жасанды интеллектінің әсерінен 125 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Алдағы 9 жылда 14 мамандық жойылып, тағы 46 кәсіп түрі қысқарады. Бұл туралы Egemen.kz тілшісіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Қазіргі таңда жасанды интеллект технологиялары әлемдік еңбек нарығына елеулі ықпал етіп отыр. Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Еңбек министрлігі елдің еңбек нарығына кешенді талдау жүргізіп, 9,2 миллион жұмыспен қамтылған азамат пен 1 278 кәсіби топты зерттеді. Нәтижесінде барлық мамандықтар жасанды интеллектінің әсеріне қарай 5 санатқа бөлінді.
Қоғам • 15 Маусым, 2026
Жасанды интеллектіден ақыл сұрайтындар көбейді: Сіз қандай кеңесіне құлақ түрдіңіз?
Қазір ChatGPT-ден ақыл сұрайтындар көбейген. Оның апталық белсенді пайдаланушыларының саны 900 миллионнан асады, яғни, ChatGPT-ді күн сайын жүздеген миллион адам қолданады. OpenAI мәліметінше, ақылы жазылушылар саны 50 миллионға жуықтаған. Кейбір деректерде пайдаланушылар орта есеппен күніне бұл платформада 16 минут уақыт өткізетіні айтылған, деп жазады Egemen.kz тілшісі.
Қоғам • 09 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы ауқымды цифрландыру стратегиясын бекітті
Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Маусым, 2026
Apple жасанды интеллект қызметін Еуроодақ аумағында іске қоспайтын болды
Apple компаниясы Еуропалық одақ елдерінде Siri дауыстық көмекшісінің жаңа жасанды интеллект нұсқасын іске қосудан бас тартты. Оған себеп Еуропалық комиссия оның жергілікті заңнама талаптарынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2026
Еліміздегі 20 үздік педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді
Астанада алғаш рет ұйымдастырылған республикалық «EduAI: Педагогикалық хакатон» өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған ауқымды білім беру алаңы еліміздің әр өңірінен келген педагогтердің жасанды интеллект негізіндегі инновациялық жобаларын таныстырып, үздік тәжірибелерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 20 үздік педагог Оңтүстік Кореяға тағылымдамадан өтуге жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 03 Маусым, 2026
Жасанды интеллект қандай мамандарды еңбек нарығынан ығыстырады?
Цифрлық дәуірдің жаңа белесінде адамзат технологиялық төңкерістің куәсі болып қана қоймай, оның бел ортасында өмір сүріп жатыр. Бүгінде күнделікті тұрмыстан бастап мемлекеттік басқару ісіне дейін еніп үлгерген жасанды интеллект (ЖИ) – дамудың жаңа мүмкіндігі әрі үлкен жауапкершілік жүктейтін технология. Осы орайда елімізде жасанды интеллект жүйелерін реттейтін заңнамалық базаны қалыптастыру және оның еңбек нарығына әсерін бағамдау – уақыт талабынан туындаған маңызды міндет.
Саясат • 28 Мамыр, 2026
Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды
Биыл халықаралық пікірталас алаңында «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбы талқыланады, деп хабарлайды Egemen.kz
Жасанды интеллект • 28 Мамыр, 2026
Әлемде жасанды интеллектіні қолдану қарқыны артып келеді: Қазақстан қай орында?
Жасанды интеллект технология болудан қалып, елдердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын факторға айналып барады. 2026 жылдың бірінші тоқсанында әлемдегі еңбекке қабілетті халықтың 17,8%-ы жасанды интеллектіні тұрақты түрде қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 27 Мамыр, 2026
Әсет Тұрысов: Біртұтас цифрлы жүйе – барлық мемлекеттік қызметті біріктіреді
Қазір елімізде мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрландырылуы тек қызметтерді онлайн форматқа көшірумен ғана шектелмейді. Айталық, Қаржы министрлігі салық пен кедендік басқаруды, мемлекеттік сатып алу мен бюджеттік жоспарлауды, сондай-ақ аналитика мен бизнеске арналған сервистерді біріктіретін біртұтас цифрлы экожүйені жолға қойып келеді. Big Data, жасанды интеллект және деректердің түпкілікті интеграциясы – аталған жүйенің негізгі темірқазығы. Мемлекеттік қаржыны басқарудағы кейінгі өзгерістер, тауарлардың бірыңғай цифрлы тілі мен цифрлы трансформацияның келесі кезеңі туралы Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан сұрап білген едік.
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Енді ХҚО-ларда кейбір құжаттар берілмейді: Оны қайдан алуға болады?
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі egov.kz порталында маңызды мемлекеттік қызметті толықтай онлайн форматқа көшіретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Түркі мемлекеттері ұйымы 2027 жылы бірлескен жасанды жер серігін ұшырады
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) келер жылы орбитаға бірлескен ғылыми-технологиялық спутнигін ұшырады. Қазіргі уақытта жобаның сызбасы сызылып, құрастыру сатысы қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2026
Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған құжат орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейді. Сондай-ақ адами капиталды дамытуға және жасанды интеллект негізіндегі заманауи білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Президент • 12 Мамыр, 2026
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл еліміздің білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық шешім. Жаңа құжат – әрбір оқушының сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам.
Жасанды интеллект • 12 Мамыр, 2026
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллектті білім беру саласына енгізу – білім беру моделін терең әрі кешенді жаңғыртуға бағытталған мемлекеттің стратегиялық басым бағыты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2026
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізуді білім беру саласының басым бағыты ретінде айқындайтын Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім – Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекет ретінде дамытуға және жасанды интеллект саласында жоғары құзыретті, бәсекеге қабілетті адами капитал қалыптастыруға бағытталған стратегиялық саясаттың жалғасы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Ерқат Биғалиұлы: Экономиканы цифрландыру объективті қажеттілікке айналды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін стратегиялық басымдық ретінде айқындап келеді. Президенттің айтуынша, жасанды интеллект, бірыңғай мемлекеттік деректер жүйесі, цифрлық теңге және киберқауіпсіздік − елдің жаңа экономикалық моделінің негізгі тіректеріне айналуға тиіс. Осы бағыттағы бастамалардың маңызы, Қазақстанның IT-секторының әлеуеті және елдің «цифрлық хаб» ретіндегі мүмкіндіктері туралы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың экономика және цифрландыру жөніндегі проректоры Ерқат Биғалиұлы Мұқажанов пікір білдірді.
Медицина • 08 Мамыр, 2026
Инсульттан кейінгі оңалту: Елімізде жасанды интеллект көмегімен экзоскелет жасалды
Қазақстандық ғалымдар инсульттан кейінгі науқастарды оңалтуға арналған жасанды интеллект негізіндегі медициналық экзоскелет әзірледі. Бұл технология халықаралық жасанды интеллект және робототехника конференциясында таныстырылды. Жоба Назарбаев университеті базасында жүзеге асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Мамыр, 2026
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Америкалық киноакадемия кино саласында жасанды интеллектіні қолдануға қатысты жаңа талаптарды бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, «Оскар» сыйлығына ұсынылатын сценарийлерді толықтай адам жазуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Алдағы уақытта жасанды интеллект өнеркәсіпке енгізіледі
Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Президент Кеңестің келесі отырысында жасанды интеллектіні өнеркәсіпке енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында сенімді инфрақұрылымды цифрлық экономиканың тағы бір берік тұғыры ретінде атады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Президенттің төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Мамыр, 2026
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Қытайдың Ханчжоу қаласында көше тәртібін қадағалау үшін роботтандырылған полицейлер қызметке кірісті. «Ақылды» патрульдер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол ережесін сақтауын бақылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 28 Сәуір, 2026
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
23 жастағы австралиялық Лиам Прайс ChatGPT (GPT-5.4 Pro нұсқасы) нейрожелісін пайдаланып, ғалымдардың 60 жыл бойы зерттеп келген күрделі есептің шешімін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2026
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі бірқатар өңірде өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға азайтуға септігін тигізді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.