Майқайыңалтын
Оқиға • 18 Қазан, 2024
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмыс қайта жанданды
2024 жылдың басында 4 жолаушысы бар автобус құлаған «Майқайыңалтын» АҚ шахтасының аумағында тау-кен жұмыстары қайтадан басталды. Қайғылы оқиғадан кейін мұндағы қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған еді. Бүгінде адамдар біртіндеп жұмысқа қайта оралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Сәуір, 2024
Майқайыңдағы автобус апаты: Сот кінәліні анықтады
2024 жылдың 4 ақпанында Павлодар облысы аумағындағы «Майқайыңалтын» кен орнында 4 адам мінген автобус ойыққа құлап, апат болған еді. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды, ал қалған екеуі із-түссіз жоғалды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты төтенше жағдайға кінәлі адамдарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
«Майқайыңалтын» кен орны жұмысын тоқтатты
Бүгіннен, яғни 19 ақпаннан бастап «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Бұған қордағы алтын рудасының таусылғаны себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Ақпан, 2024
«Құтқарушылар үшін қауіпті». «Майқайыңалтын» кенішінде іздеу жұмысы тоқтатылды
3 ақпан күні «Майқайыңалтын» кенішінде автобус құлап кеткен ойықта терең шұңқыр пайда болғаны хабарланған еді. Мамандар шұңқырды зерттеу нәтижесінде, ойықта жұмыс істеу құтқарушылардың өміріне қауіп төндіретінін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2024
Майқайыңдағы іздеу жұмысы қайта жалғасты
Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Майқайыңалтын» кенішінде іздеу-құтқару алаңында шұңқыр пайда болып жұмыс шұғыл тоқтатылғанын хабарлаған еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын»: Іздестіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны айтылды
«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелген. Оның ұзындығы 8 метрді, ені 7 метрді, қалыңдығы шамамен 2 метрді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Павлодардадағы автобус апаты: Іздеу жұмыстарына көріпкел қосылды
2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ шахтасында ойыққа құлап кеткен автобус пен тау-кен құтқарушыларын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын»: Автобустың сынған бөлшектері, тағы басқа заттар табылды
Павлодар облысында ойыққа құлаған автобустың болжамды орналасқан тұсында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыс барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты, құтқарушының сөмкесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Автобус құлап кеткен «Майқайыңалтын» аумағында құтқарушыларға да қауіп төніп тұр
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты шығару операциясы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын» аумағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 37 мыңнан астам текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Қаңтар, 2024
Алтын кенішіне құлап кеткен автобус орны шамаланды
«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы кеніш ойығына түсіп кеткен 4 жолаушысы болған автобустың орны шамаланды, бүгін Балқаш қаласынан арнайы георадар жеткізіліп, құтқару-іздестіру жұмысы жаңа әдіспен жүргізіле бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2024
Алтын кенішінде ойыққа құлап кеткен жұмысшылар әлі де іздестіріліп жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024
Павлодардағы алтын кенішінен 2 құтқарушының мәйіті табылды
«Майқайыңалтын» АҚ алтын кенішіндегі ойыққа түсіп кеткен автобус жолаушыларының екеуінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.