Қоғам • 31 Қаңтар, 2024

«Майқайыңалтын»: Іздестіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны айтылды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелген. Оның ұзындығы 8 метрді, ені 7 метрді, қалыңдығы шамамен 2 метрді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Майқайыңалтын»: Іздестіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны айтылды

Фото: ТЖМ

ТЖМ-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, топырақтың тұрақсыздығына, ықтимал бос орындарға және топырақ пен тау жыныстарының үнемі сырғуына байланысты опырылған жердің түбіндегі жұмыстарға көп техникалар мен мамандарды тарту мүмкін емес. Опырылу орнындағы жұмыстар – құтқарушылардың өміріне зор қауіп төндіре отырып жалғасып жатыр.  

Сол себепті бір немесе екі шағын экскаватор және техниканың бағытын үйлестіру үшін бірнеше маман түбіне түседі, қалғандары жиегінен қызметкерлерді сақтандыру кабельдері жәрдемімен шығарып алу үшін шетінен сақтандырады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 138 адам, 40 техника, 3 кинологиялық есептоп, 2 дрон жұмылдырылып отыр.