Несіпбек Дәутайұлы
Әдебиет • 07 Қазан, 2021
Қазақ көркем ойының бір биігі, қанатты қаламгер, аға-дос Несіпбек Дәутайұлының өмірбаяны мен өнербаянына үңілген сайын оның «Мінез» деп аталатын әңгімесіндегі жазушы Хакімжанның: – «Қанша кітап жазсаң да өмір өз жолымен жүреді», деп қамықты ол. Толстойды айтам да. Адамдардан біртүрлі көңілі қалды. Өз үйінің терезесінен ұрланып қашып шыққанда, өзін бүкіл әлемнен қызғанған тас құйрық қатыны Софья Андреевнадан емес, көрсоқыр қоғамнан безді. Толстой – өзі сомдаған Анна Каренина тағдырының қайғылы жалғасы, аға. Ол да, Абай да, өзін өзі атып салған Хэмингуэй де ішінде өзіміз бар қалың нөпір баяғыдан көнген, әбден мойындап алған, айдауына жүрген көнбіс, көңілшек өмірге ешқашан сыймайтын азабы мен шері мол, шеңбірек атқан шерменде мінездер» – дейтін жері ойыма орала береді.
Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2021
«Шұғаның белгісінен» «Айғыркісіге» дейін
«Әне, деді жолдасым, әне «Шұғаның белгісі көрінді... өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!..», деген сөйлемді бала күнімізден бәріміз оқыдық. Көпшілікке белгілі «Кітапхана» телехабарында «Қостанай неге «Шұғаның белгісіне» ескерткіш орнатпайды?» деп мәселе көтергеніміз бар. Сол Қостанайға баратын үлкен жолдың бойында «Шұғаның белгісі» тұрса, әдебиетке одан артық қандай насихат керек?
Қоғам • 29 Тамыз, 2021
Аида Балаева Несіпбек Дәутайұлының отбасына көңіл айтты
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева белгілі қаламгер Несіпбек Дәутайұлының қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Тамыз, 2021
Жазушы Несіпбек Дәутайұлы дүниеден өтті
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті. Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желіде жазды.
Руханият • 21 Ақпан, 2021
Со жылы Арқарлының асуына қарақұс қаптап кеткен... Кенжеғазының он екі-он үшке келіп қалған кезі ғой, асудың күнгейі мен теріскейінде қызыл қуып, ақ қашқан, ақ қуып қызыл қашқан ана бір қиямет қайымда да осылай қаптаған, қарақұс.