Соғыс
Әлем • 19 Маусым, 2025
Иран мен Израильдің өзара шабуылдары мұнай өнімдері нарығын дірілдетіп жіберді
16-17 маусымнан бері Brent маркалы мұнай котировкалары қырық құбылып тұр. Сарапшыларды мұнай бағасындағы болмашы өзгерістердің себебі таңқалдырып тұр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында қаза тапқан жауынгер Таңқыбай Иманбердиннің жерленген жерінен бір уыс топырақ еліне әкелінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Маусым, 2025
Иранға соққы жасаса мұнай бағасы өсе ме?
Әлемдегі геосаяси дағдарыстың басылар сыңайы байқалмайды. Керісінше, күн санап өршіп бара жатқандай. АҚШ пен Иран ядролық мәселеге байланысты сол күйі бір мәмілеге келе алмаған көрінеді.
Өшпес даңқ • 15 Мамыр, 2025
Жеңіске үлес қосқан қорғасын зауыты
Екінші дүние жүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуге қазақ елі де аянбай үлес қосты. Миллионнан астам қазақ сарбаздары майдан даласында соғысса, тылда да «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбектің көрігі қызып жатты. Қызыл әскерді оқ-дәрі, керек-жарақпен қамтамасыз ету жағынан Қазақстан алдына жан салған жоқ. Соның бірі аты тарихта қалған Шымкенттегі қорғасын зауыты, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Алматы облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш ашылды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Райымбек ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт болашағы үшін күрескен батыр ардагерлер есерткіші қайта жаңартылып, ашылу салтанаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне пәтер кілті берілді
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Мамыр, 2025
Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ...
Барлық адам баласы дүниеге бала болып келеді. Бірден ересек қалпында жаралған екі-ақ адам бар. Ол Адам ата мен Хауа ана. Аңызда түп атамыздың жілік майы толысқан жігіт бейнесінде жаралғаны айтылады. Ал Хауа болса он жеті жастағы бойжеткен. Санаға салып сараптасақ, екеуінің сәбилік кезеңі болған жоқ. Кездескен бетте екеуі жұп құрап нәсіл өрбітті. Ересек ғұмыр кешті. Бірақ, шіркін-ай, балалық шақта батпырауық ұшырып, тығылмақ ойнай алғанға не жетсін. Хош, есіркеп қайтеміз, олар не дегенмен жұмақта туды ғой. Ал соғыс дейтін «тозақта» дүниеге келген балалардың тақсыретін қалай ұғынамыз?
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
7 мамырда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтеді
7 мамыр күні Астанада екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтеді. Салтанатты шара елорданың басты алаңдарының бірі Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Сәуір, 2025
Елімізде ескерткіштерді абаттандыру акциясы басталды
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтпек. Осы орайда «AMANAT» партиясының мүшелері соғыс қаһармандарына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 07 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстағы тағдыркешті шайқастар
Адамзат тарихында ең құрбаны көп, қаншама халыққа үлкен қасірет алып келген сұрапыл шайқастың бірі ІІ дүниежүзілік соғыс болды. Соғыс өртінің алғашқы ұшқындары 1938 жылы нацистік Германияның көсемі Адольф Гитлердің Австрияға жасаған шабуылынан кейін басталды. Бұл шайқас әлемнің барлық елін шарпыды. Тіпті алыстағы АҚШ-та өзінің тынық мұхиттағы әскери кеме базасын Жапония тас-талқан еткен соң амалсыз қанды майданға кірді. Алты жылға созылған ұрыста тарихта бірінші мәрте ядролық қару қолданды. Алапат шайқаста жиырма миллионға жуық жауынгер қырылды, тағы ондаған миллион бейбіт тұрғын мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 04 Сәуір, 2025
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Конференция мерейтойлық атаулы күнге арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Қазақ өнерпаздары майдан даласында 36 мыңнан аса концерт қойған
Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдениет майдан мен тылда халықтың рухын көтеру ісінде маңызды рөл атқарды. Соғыс жылдары қазақстандық әртістер 36 525 концерт өткізіп, оларды 9 337 000 адам тамашалады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда өткен «Жеңістің: ұрпақтар мен халықтардың бірлігі» конференциясында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтар туралы тың дерек табылды
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен тарих ғылымдарының докторы, Satbayev University профессоры Гүлнара Меңдіқұлова Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу шаралары аясында жұмыс сапарымен Францияға барды. Сапар аясында ол соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздар туралы мәліметтер жинап және олардың Франция аумағындағы шайқастарға қатысуын зерттеген, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Теңіз жаяу әскері Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысады
Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық басталды
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық аясында елімізде әскери техниканы тасымалдау және жеке құрамның қозғалысы басталады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Концлагерь тұтқынында болған атыраулыққа 1 миллион теңге беріледі
Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангер қалмады. Бірақ соғыс кезінде концлагерьдің тұтқынында болған Екатерина Абсатырова тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 26 Ақпан, 2025
Алматыдағы Даңқ мемориалы жаңартылады
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Студенттер ауған соғысы ардагерлерімен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде дінтану мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен «Сен халқыңның жүрегіндесің, жауынгер!» тақырыбында кездесу өтті.
Әскер • 16 Ақпан, 2025
Жігерді жанитын - «Ауған жыры»
14 ақпанда Ауған соғысы және тәжік-ауған шекарасының ардагерлері ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына барып, жат елдің шекарасында ерлікпен қаза тапқан қаруластарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Әлем • 12 Ақпан, 2025
Газада соғыс өрті қайта өршуі мүмкін
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху егер ХАМАС сенбі күні түске дейін кепілге алынғандарды қайтармаса, Израиль армиясы Газа секторындағы әскери операцияларын қайта бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2025
Астанадағы Жеңіс шеруіне 4,5 мың адам қатысады
Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді. ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Виталий Адамович Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2025
Майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі
Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Мерейлі күнді мерекелеу қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде қаражат аударылатын болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 27 Қаңтар, 2025
БҰҰ Холокост құрбандарын еске алды
Тұп-тура 80 жыл бұрын, дәл осы күні Освенцим-Биркенау концлагерінен 7 мыңға жуық тұтқын кеңес әскерінің күшімен бостандыққа шығарылды. Олар 1,3 миллион адам тоғытылған азап түрмесінен тірі шыққан соңғы жандар болып тарихта қалды. Бұл туралы халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2025
Қазақстанда 85 203 соғыс ардагері тұрады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер тұратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2025
Қазақстан азаматы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін жауапқа тартылды
Қазақстандық азамат Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 09 Мамыр, 2024
Өлім фабрикасы - «Освенцим» лагері туралы не білеміз?
XX ғасыр адамзат тарихында аса ірі әрі қанды оқиғалармен есте қалды. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс та бар. Қанды майданнан бөлек, миллиондаған адам «азаптау лагерлерінде» жазықсыз жан тапсырды. Қолдан жасалған геноцид тұтас ұлттың жойылып кетуін көздеген. Үлкені мен кішісіне де, жасы мен кәрісіне де қатігездік танытқан фашистік Германия «Освенцим» лагерін құрып, жантүршігерлік эксперименттер жасаған.
Айбын • 30 Сәуір, 2024
Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұрады?
Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
Ресей түрмелерінде отырған қазақтарды соғысқа әкетіп жатқаны рас па?
Ел азаматтары Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан туыстарына алаңдап Бас прокуратураға жиі жүгіне бастаған. Олар көрші ел түрмесінде соғысқа үгіттеу шаралары өткізіліп жатқанын айтып, жақындарын Қазақстанға ауыстыруды сұраған. ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Аймек Смадияр бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Алматыда соғыс ардагерлері 2 млн теңгеден алады
Алматыда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін біржолғы әлеуметтік көмек екі еселенеді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер 100-ге толған майдангерге құрмет көрсетті
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагер барлаушысы Василий Иванович Зинченко 29 наурызда 100 жасқа келген мерейтойын атап өтті. Оны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының қоғамдық қорының өкілдері, десантшы-сарбаздар құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.