Түркия
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Ыстанбұлда танымал түрік актері Джан Яман ұсталды
Түркияның Ыстанбұл қаласында полиция жүргізген рейд барысында танымал актер Джан Яман ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Қаңтар, 2026
Түркия алаяқтық бойынша айыпталған күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын елге қайтарды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Түркияда жаңа жыл кезінде теракт жасамақшы болған 115 адам ұсталды
Түркияның құқық қорғау органдары ауқымды операция жүргізіп, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатысы бар деген күдікпен 115 адамды ұстады. Күдіктілер жаңа жыл және Рождество мерекелері кезінде теракт жасауды жоспарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Желтоқсан, 2025
Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады
Түркияда Ливия Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мохаммед Али Ахмед Аль-Хаддад мінген жеке бизнес-джет апатқа ұшырады. Falcon 50 үлгісіндегі ұшақ Анкара маңында радардан жоғалып кеткен. Бұл туралы Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары мәлім қылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Түркиялық депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)
Түркияда Ұлттық мәжіліс депутаттары 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетті талқылауға арналған отырыста жанжалдасып қалды. Әуелгі ұрыс-керіс Республикалық халық партиясы төрағасының орынбасары Мұрат Эмир Бурса мен Әділет және даму партиясының депутаты Мұстафа Варанк арасында басталған, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 12 Желтоқсан, 2025
Түркияда қонақүйлерге тіркелу тәртібі өзгерді
2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Түркияда жеке деректерді қорғау жөніндегі кеңес жаңа ережелер енгізіп, қонақүйлерге тіркелу кезінде паспорттарды көшіруге тыйым салды. Енді турист қонақүйге келгенде тек өз құжатын көрсетуі қажет, ал қажетті мәліметтер (аты-жөні, паспорт нөмірі, кірген және шыққан күндері және басқа ақпарат) тікелей Ішкі істер министрлігінің біріккен электрондық жүйесіне (YAZOK) енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Желтоқсан, 2025
Антальяда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәмілені кейінге қалдырды
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәміленің аяқталу мерзімін 2026 жылдың ортасына дейін шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркия Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесу өткізді. Министр әскери объектілерді, оқу мекемелерін және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 18 Қараша, 2025
Медицинадағы цифрлық шешімдер: Қазақстан мен Түркияның мәмілесі
Анкарада Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Шуаип Биринджимен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Түркия Қорғаныс министрлігі 20 әскери қызметшінің қаза тапқанын растады
Кеше Грузияда Түркияның C-130 қарулы күштері ұшағы апатқа ұшырады. Түркия Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың тізімін жариялап, бортта болған 20 әскери қызметшінің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Түркияда ем алған Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды
Қызмет бабында ауыр бас жарақатын алған әскери қызметші Ербаян Мухтар Түркияда өткен емін аяқтап, елімізге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Ақтауда Түркияның Республика күні аталып өтті
Ақтауда Түркия Республикасының құрылуына 102 толуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеп.
Әлем • 29 Қазан, 2025
Түркияның Коджаэли провинциясында жеті қабатты тұрғын үй құлады
Түркияның Коджаэли провинциясындағы Гебзе қаласында жеті қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үйдің астында адамдар қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіл3п жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қазан, 2025
Түркияның батыс бөлігінде түн ортасында тіркелген қуатты жер сілкінісі Ыстамбұл мен Измир тұрғындарын дүр сілкіндірді. Алғашқы деректерге қарағанда, дүмпу Балыкесир провинциясының Сындыры ауданынан бастау алған, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолыға сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Түркияның дәрігерлері ақтаулықтарға тегін медициналық кеңес береді
Түркияның дәрігерлері Ақтау қаласының тұрғындарына тегін медициналық кеңес береді. Бұл туралы Ақтау әкімдігінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Түркия мемлекетінің жетекші медициналық ұйым өкілдерімен өткен кездесуде айтылды, деп Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 17 Қазан, 2025
Түркияда әйелді трамвай қағып кете жаздаған
Түркияның Кайсери қаласындағы трамвай бекеттерінің бірінде құлаққап тағып келе жатқан әйел трамвай жолына абайсызда өтпек болған. Оны сол маңда қызмет атқарып жүрген күзетші дер кезінде байқап, шетке шығарып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025
Түркияның Анталия қаласында ресейлік әйел көз жұмды
Қайғылы жағдай Кемер курорттық қаласында Камюва жағажайы аймағында болған. 42 жастағы Ресей азаматшасы Линария Музипованы қайық басып қалып, қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін таңертең Түркияның Шанлыурфа – Газиантеп тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
Маңғыстаулық дәрігерлер Түркияда тағылымдамадан өтті
Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Стамбулдағы бас консулдығының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында маңғыстаулық дәрігерлер Түркияның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
100 студент пен 50 дәрігер Түркияда тегін тағылымдамадан өтеді
28 ақпан күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Ыстанбұл қаласына барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бірқатар келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 25 Тамыз, 2025
Түркияда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Оқиға Эрдемли ауданына қарасты Аяш ауылындағы Йемишкуму жағалауы маңында, D400 Мерсин – Анталья тасжолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Haberglobal басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 20 Тамыз, 2025
НАТО-ның келесі саммиті 2026 жылы Анкарада өтеді
НАТО саммитін 2026 жылы 7-8 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Тамыз, 2025
Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан бір адам көз жұмды. Құтқарушылар оның денесін қираған ғимараттың үйіндісінің астынан алып шыққан, деп жазады Egemen.kz жергілікті Hürriyet басылымына сілтеме жасап.
Президент • 30 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Түркияда орман өрттерінен жүздеген нысанға зақым келген
Соңғы екі ай ішінде Түркияның 13 аймағында болған орман өрттері 407 тұрғын үйді, 17 коммерциялық ғимаратты және 96 шаруашылық құрылымды толығымен жойып жіберген немесе айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Шілде, 2025
Қазақстанның жетістіктерін біз әрқашан мақтан тұтамыз - Түркия Президенті
Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.
Президент • 30 Шілде, 2025
IT-технологияларды Түркиямен бірге дамыту мәселесіне айрықша мән берілді
Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс және әскери-техникалық бағыттағы зор жетістіктеріне назар аударып, Режеп Тайип Ердоғанды жақында IDEF 2025 халықаралық қорғаныс-өнеркәсіп көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады.