бас
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Бас мүфти тасқын судан зардап шеккен азаматтарға дұға жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Орталық мешітте Құран хатым дұғасын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 30 Наурыз, 2024
«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері Ассамблея басшылығымен кездесті
Парламентте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге депутаттық топ жетекшісі – Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп төрағалық етті. Сенатор өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бір ел-бір мүдде» алаңы құрылғанын және ол ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 30 Наурыз, 2024
Анаңызға жеткізе алмай қалмаңыз: Жазира Байырбекова ер-азаматтарға кеңес берді
Отандық әнші, жылы әндерімен тыңдарманының ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер иесі Жазира Байырбекова ер-азаматтарды әйелдерін құрметтеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024
Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Байланыс операторы тұрғындарға тегін қызметтерін аударды
«Beeline» ұялы байланыс операторы төтенше жағдай режімі жарияланған Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарының тұрғындарына тегін байланыс қызметтерін аудара бастады.
Сенат • 28 Наурыз, 2024
Сенат аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат Аппараты Басшысының орынбасарын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысының полицейлері су басқан аудандарға көмекке кетті
Қостанай облысы Полиция департаментінің 40 қызметкері су басып жатқан Торғай өңіріне көмекке аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Наурыз, 2024
Премьер-министр «Петропавл», «Сергеев» су тораптарының жағдайын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Тоқыма-тігін саласы аяғына нық тұра алмай отыр
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев жеңіл өнеркәсіп туралы өзекті мәселе көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Наурыз, 2024
Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонында басшылық құраммен кеңес өткізді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштердің командалық құрамымен көшпелі жедел кеңес өтті.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
«Қазгидромет» қызметінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы Сырым ауданының орталығы Жымпиты мен жапсарлас Өлеңті ауылдарының өзен маңында орналасқан үйлерін су басу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Қарғын су: Ақтөбе облысында 74 адам эвакуацияланды
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылында 2 үйдің учаскесін су басып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Тараз тұрғыны алименттің орнына баспанасын берді
Сот орындаушылары алиментті мәжбүрлеу арқылы өндіреді. Сондықтан алименттен жалтару мүмкін емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 25 Наурыз, 2024
«Бойымда үш ұлттың қаны бар». Аида Қауменова ел білмейтін құпиясын ашты
Танымал дизайнер Аида Қауменова «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасына сұхбат беріп, көпшілік біле бермейтін құпиясын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Көпбалалы отбасылар 39 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы қамтылды. Дәлірек айтқанда, оларға жалпы сомасы 77,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Сенат • 19 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына барды
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 19 Наурыз, 2024
Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Кімдер жеңілдікпен үй ала алады?
«Отбасы» банкі осы жылы сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан облысында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Шаңырақ күні аталып өтті. Осыған орай өңір басшысы Нариман Төреғалиев 50, 25 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан отбасылармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Наурыз, 2024
Ел азаматтары үшін жеңілдетілген жаңа ипотека іске қосылады
Ұлттық құрылтайда мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдары айқындалады. Осының бәрі ұлттық бірегейлігімізді нығайту және елімізді қарқынды дамыту үшін өте маңызды. Дегенмен, өзгерістердің басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Сондай-ақ әр азаматтың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 15 Наурыз, 2024
"Барлығы әйелге байланысты": Жұлдызды жұп отбасын сақтап қалудың жолын айтты
Танымал әншілер Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы бағдарламада қонақ болып, отбасы құндылығы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
«Қазгидромет» су басу қаупі төніп тұрған аумақтарды атады
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Елдегі автожолдардың 10 учаскесін су басты
10 учаскенің біреуі республикалық маңызы бар автожол, ал қалған 9-ы облыстық маңызы бар жол (оның ішінде жергілікті маңызы бар 1 автожол). Аталған учаскелерде су шаюы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Мәһір - қазақ қоғамына жат дүние - Мәдениеттанушы
Мәдениеттанушы Асылбек Байтанұлы зайырлы қоғамның қызы тұрмыс құрарда мәһірді сұрамау керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 13 Наурыз, 2024
Белградтағы бокс кеші: Ұлттық құрама 12 салмақ бойынша жұдырықтасады
Сербия елінің бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. 16 елдің 106 боксшысы қолғаптарын түйістіретін халықаралық турнир наурыздың 17-сіне дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2024
«ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары сотталды
Ақтау қалалық сотында «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
«Қарқынды еріген қар»: Жетісу облысында 19 аулаға су жайылды
Жетісу облысында егістіктерден қардың қарқынды еруінен Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің алдын ала ақпарат бойынша 19 аула аумағын су басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 11 Наурыз, 2024
"Өзімді ойлайтын уақытым болмады": Роза Рымбаева өмірі туралы айтты
Танымал әнші Роза Рымбаева неліктен екінші рет шаңырақ көтермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Еркін Ғаббасов Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Қазақстан спортшысы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем Кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Жарыс ережесі бойынша жартылай финалда 1-8 орынға тұрақтағандар финалға өтеді, Отандасымыз R1 дисциплинасының жартылай финалында 7 орынға тұрақтап, финалға шығып, 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Наурыз, 2024
Депутат Қазақстанда жаңа комитет құруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.