Оқиға • 27 Наурыз, 2024

Өлеңті өзені күрт көтерілді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» қызметінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы Сырым ауданының орталығы Жымпиты мен жапсарлас Өлеңті ауылдарының өзен маңында орналасқан үйлерін су басу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өлеңті өзені күрт көтерілді

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына байланысты күрделі жағдай әлі сейілер емес. «Қазгидромет» қызметі 27 наурыз күні Өлеңті өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі 463 см болғанын хабарлады. Айта кетейік, осыдан дәл бір тәулік бұрын, яғни 26 наурыздың таңында бұл жердегі су деңгейі 179 см ғана болған. 24 сағат ішінде су деңгейі +284 см-ге көтерілген.

«Су әлі келіп жатыр, өзендегі су деңгейі жан-жақтан судың келуімен көтеріліп, қауіпті белгіден асуы мүмкін. Қауіпті деңгей – 490-520 см», деп хабарлады мамандар.

«Өлеңті өзенінің төменгі жағында орналасқан Жымпиты және Өлеңті ауылдарының өзен маңында орналасқан үйлерін су басу қаупі бар», деп ескертеді Төтенше жағдайлар департаменті.