жаңа Салық кодексі
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Елордада өткен Жобалық кеңсенің кезекті отырысында жаңа Салық кодексінің нормаларын енгізу аясында денсаулық сақтау саласындағы өзекті түйткілдер талқыланды. Күн тәртібіне дәрі-дәрмек импортына кедергі келтіріп отырған құқықтық тосқауылдар мен өмірлік маңызы бар препараттарға қосылған құн салығын есептеу мәселелері шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Салық төлеу отаншылдықтың озық үлгісіне айналады
Бүгін «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарияланды. Сұхбатта Президент өткен жылды қорытындылап, ел көкейіндегі сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 08 Желтоқсан, 2025
Салық реформасы: жаңа жылдан бастап өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді «жаңа таза парақтан бастау» жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 18 Қараша, 2025
Кәсіпкерлер мемлекеттен салық жеңілдігін жасауды өтініп отыр
Қазақстанның Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі (КҚҚУ) Қанат Нұров Сенат Төрағасы М.Әшімбаевқа салық салудың жалпыға бірдей белгіленген салық режимі субъектілерге жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолданатын субъектілерден алынған тауарлар бойынша КТС шегерімдерін есепке жатқызуға тыйым салуды (жаңа Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағы) түзету жөнінде ұсыныстар жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Жаңа Салық кодексі такси жүргізушілеріне қалай әсер етеді?
2026 жылдан бастап күшіне енетін салық реформасы Taxi Forum Kazakhstan 2025 пленарлық алаңында талқыланды. Енді жаңа ережелер такси тарифтерін бірнеше есе өсірмейді, алайда инфляция мен салық талаптарының өзгеруі жол жүру құнының біршама қымбаттауына ықпал етуі мүмкін. «Атамекен» ҰКП форумда бизнес үшін оңтайлы шешім табудың маңызын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 24 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады
Арнайы салық режимімен жұмыс істеуге мүмкіндік алатын, сондай-ақ бұл жеңілдік берілмейтін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің алдын ала тізбелері аптаның соңына дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Алдын ала бағалаулар бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі елдегі барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қолданылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанадағы жаңа Салық кодексін түсіндіру жөніндегі семинарда мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Шілде, 2025
Жаңа Салық кодексінің жаңалығы қандай?
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
Қазақстанда салықтар, төлемдер мен алымдар саны азаяды
Қазақстанда әкімшілендіруді жеңілдетуге және бизнеске жүктемені азайтуға бағытталған салық жүйесін оңтайландыру ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде тиісті бастамаларды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
Жаңа Салық кодексіне «Сән-салтанат салығы» қосылады
Жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстанда «сән-салтанат салығы» пайда болады. Оны қымбат жылжымайтын мүлік, көлік, теңіз кемелері мен ұшақтардың, сондай-ақ қымбат алкогольдік сусындар мен сигаралардың иелері төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
Енді жеке кәсіпкерлік құру талабы қатаңдатылады - Серік Жұманғарин
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Түркістан облысының кәсіпкерлері жаңа салық реформасын талқылады
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов бизнес өкілдерімен, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық және аудандық кеңес мүшелерімен кездесіп, жаңа салық реформасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы өтті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Салық кодексі жобасының таныстырылымы өтті. Жаңартылған Салық кодексін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мен қаржы вице-министрі Ержан Біржанов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.