Салық • 09 Сәуір, 2025

Енді жеке кәсіпкерлік құру талабы қатаңдатылады - Серік Жұманғарин

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Енді жеке кәсіпкерлік құру талабы қатаңдатылады - Серік Жұманғарин

Серік Жұманғариннің айтуынша, бизнес-қоғамдастықпен және депутаттық корпуспен талқылаудан кейін ортақ тәсілдерді табуға мүмкіндік туды.

«ҚҚС 16%-ға тең болады. ҚҚС шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді. 40 млн теңге – біз қол жеткізген ортақ байлам көрінісі. Бірақ мұндай шек болған жағдайда 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылып, 400 млрд-қа жуық қосымша кірістен айырылып жатқанымызды айтқым келеді. Мұны айтып отырған себебім, біздің кәсіпкерлер, Үкімет пен Парламент осындай ымыраға келуге дайын екенін түсінуі керек»,  деп атап өтті вице-премьер.

Сондай-ақ вице-премьер енді ЖК құру да қатаңдатылатынын айтты.

«Бізде тиісті нормалар дайын – бұрын заң бұзушылықа жол бергендер, қосымша әрекетсіз жеке кәсіпкерлігі бар адамдар үшін – ашық жаңа ЖК ашу күрделі процесс болады», деп атап өтті вице-премьер.