медиация
Сұхбат • 05 Тамыз, 2025
Медиация мәдениеті: қоғамдағы татулықты нығайтатын тетікке айналды
5 тамыз – Қазақстанда Медиация күні. Биыл бұл саланың заңнамалық негізі қаланғанына 14 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде медиация қоғамдағы дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешудің тиімді құралы ретінде дамып келеді. Egemen.kz тілшісі медиация институтының қалыптасуы, кәсіби және қоғамдық медиаторлардың айырмашылығы, сондай-ақ саланың бүгінгі ахуалы туралы Астана Халықаралық университеті Заң жоғары мектебінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Жанар Үсіпбековамен әңгімелесті.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Медиация - құқықтық жүйенің маңызды элементі
Бүгін – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген медиаторлардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Тамыз, 2025
Медиация мәдениеті: Қазақстанның өз үлгісі қалыптасып келеді
5 тамыз – Медиация күні. Бұл күн елімізде 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Заң аясында атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Фемида немесе сот ісінің соқпағы
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адамзат ақыл-ойының аламанында грек жұртының алған бәйгесі аз емес. Олай болатын себебі Сократ, Аристотель, Платон секілді саңлақ санаткерлерінің санасын қалыптастырған мифологиялық түсінік біздің дәуірде де маңызын жоғалтқан жоқ. Жаһанға жарық сыйлаушы алапатты Аполлон, сұлулық пірі айдидарлы Афина, ұсталардың жебеушісі Гефест сынды сан мыңдаған кейіпкерлер адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің адамданған бейнесі. Соның ішінде әділет медеткері Фемиданың болмысы бөлек. Оның бір қолында таразы, екінші қолында қылыш тұрады, ал көзі әр кез байлаулы. Онысы ешкімге бұра тартпайтын турашылдығының, ешкімге тұра шаппайтын тұрақтылығының айғағы. Бұл күнде Фемиданың бейнесі бүгінгі сот жүйесінің, жалпы құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, оның тәуелсіз еліміздің төрелік залдарында орын тепкеніне де отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында мемлекетіміздің сот жүйесі біршама өзгерісті бастан өткеріп, дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған «100 медиативті мектеп» жобасын іске қосып жатыр. Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектебінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Сот отбасылық жанжалды шешіп, бала мүддесін қорғады
Сот ажырасып кеткен үш балалы ерлі-зайыптыларды татуластырып, балалардың әкесімен қарым-қатынас тәртібін белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2024
Жоғарғы Сот екі тарап арасындағы дауды сәтті шешті
2024 жылдың шілде айында жеке сот орындаушысы АҚ-дан 158 миллион теңгеден астам қарызды өндіру туралы атқарушылық іс қозғап, АҚ-ның жылжымалы мүлкіне тыйым салып, 83 көлігін қамауға алу және арнайы тұраққа орналастыру туралы қаулы шығарған еді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 03 Мамыр, 2024
«Шығынның алдын алды». Жоғарғы Сот медиация арқылы қос тарапты татуластырды
Вагондарды жалға беруші акционерлік қоғам мен алушы жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында келіспеушілік туындады. Қос тарап 2020 жылдың маусым айында жасаған шартын бұзуға мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылған «Медиация саласын дамыту» республикалық жобасын іске асыру қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
Қазақ – сөзге тоқтаған халық. О бастан аталы сөздің парқын біліп, нарқын айырған. Қара қылды қақ жарып, турасын айтар билердің бір ғана сөзімен талай дау келісіммен шешілген. Кешегі араағайындық бүгін медиация деген атаумен заңды жалғасын тауып отыр.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2022
Астанада ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді
6 желтоқсанда сағат 11:00-де Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі М.Әзілхановтың қатысуымен ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Қараша, 2022
Сенатта медиация туралы заңды жүзеге асыру барысы талқыланды
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің сенаторлары дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын дамыту туралы заңды іске асыру барысын салалық мемлекеттік органдармен бірге талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Тамыз, 2021
Ақсақалдар орны ойсырамасын...
Қазақ қоғамында ақсақалдар институтының алар орны ерекше. Халқымыз қарттарды ақыл дариясы, даналық қазынасы ретінде қадірлеген. Қариялардың қатысуынсыз қоғамда қордаланған мәселелер шешіліп, қарымды істер қолға алынбаған. Қартын қадірлеп, қара шаңырақтың құты мен киесі деп ұққан халқымыз оларға қашанда төрден орын берген.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Қызылордада медиация мәселесі талқыланды
Қызылордада Медиация күніне орай онлайн конференция болып өтті. Оны облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.