мемориалдық тақта
Спорт • 29 Маусым, 2025
Алматыда саңлақтардың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды
Алматыдағы «Динамо» стадионында Қазақстан спортының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ақиық азаматтарды еске алу мақсатында мемориалдық тақта орнатылды. Бұл шараға Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) бас хатшысы Әлімжан Ақаев, қала әкімдігінің өкілдері, түрлі спорт ұйымдарының басшылары, ардагерлер және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 05 Ақпан, 2025
Көрнекті мемлекет қайраткеріне мемориалдық тақта орнатылды
Ақпанның аязды күнінде Алматыдағы П.Чайковский көшесіндегі 178 үйге қаланың байырғы зиялылары, мегаполис медицинасының қазіргі тұлғалары көптеп жиналды. Олардың арасында алды тоқсанға тақаған, кейінгілерінің өзі сексеннің сеңгіріне шыққан отандық денсаулық сақтау саласының аяулы ардагерлері де бар, бұл кісілердің барлығы да кешегі Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзекен Құсымжановтың құрметіне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуына жиналған еді.
Тағзым • 01 Қараша, 2024
Профессор Шериаздан Елеукенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтің 1993-2020 жылдар аралығында Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі №129/135 мекенжайында тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
Жарылыстан қаза тапқан әскери прокурордың құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Тараз қаласында, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери прокурор, әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Қапезовты еске алу мақсатында Оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасы ғимаратының қасбетіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Атырауда Хиуаз Доспановаға ескерткіш тақта ашылды
Биыл Үкімет қаулысымен Атырау халықаралық әуежайына қазақтың ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.