Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Атырауда Хиуаз Доспановаға ескерткіш тақта ашылды

828 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Үкімет қаулысымен Атырау халықаралық әуежайына қазақтың ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Хиуаз Доспановаға ескерткіш тақта ашылды

Соған әуежай ғимаратының маңдайшасына қаһарман ұшқыштың есімі жазылды. Енді әуежай алдына орнатылған мемориалдық  тақта ашылды.

"Екінші дүниежүзілік соғыс халқымызға оңай болмады. Миллиондаған боздақ майдан даласында мәңгілікке қалды. Жараланып оралғандар денсаулығын жоғалтты. Соғыста қазақтың қайсар қыздары да ерліктің қайталанбас үлгісін көрсетті. Соның бірі – даңқты ұшқыш Хиуаз Доспанова. Оның әуеден соққы жасаудағы ерлігі еліміздің Халық Қаһарманы атағымен лайықты бағаланды. Биыл Атыраудағы халықаралық әуежай батырдың есімі берілді. Біз әркез даңқты майдангерлеріміздің ерлігін кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, құрмет тұтамыз", деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуановтың айтуынша, даңқты ұшқыштың ерлігін насихаттау қолға алыныпты. Соның қатарында Хиуаз Доспанова атындағы медаль да бар.