мереке
Парламент • Кеше
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев еліміздегі кәсіби мерекелер тізімін қайта қарауды ұсынды. Депутат бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2026
Конституция күніне орай екі күн демалыс беріле ме?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне байланысты демалыс күндерінің санын көбейту мүмкіндігі жөнінде пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы биылғы жылдың Қазақстан үшін ауқымды өзгерістерге толы екенін және еліміздің орнықты дамудың даңғыл жолына түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 04 Маусым, 2026
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Жыл сайын 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын ерекше мереке, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2026
«Дидарлы жаз – 2026»: балаларға қуаныш сыйлаған жарқын бастама
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының білім беру мекемелері қабырғасында ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Білім мен тәрбиені ұштастырып келе жатқан білім ордасында балаларға арналған жазғы жобалардың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 01 Маусым, 2026
Аида Балаева: Бала қауіпсіздігі – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Маусым, 2026
Маусым айында ел тұрғындары қанша күн демалады?
Маусым айында апталық демалыс күндерінен бөлек, бірқатар кәсіби мерекелер де аталып өтеді. Дегенмен бұл күндер ресми қосымша демалыс күні болып саналмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Мамыр, 2026
Астанада балаларды қорғау күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді
Елордада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік бағдарлама әзірленді. 1 маусым қарсаңында және мереке күндері Астанада 100-ге жуық мәдени, спорттық, танымдық әрі отбасылық іс-шара ұйымдастырылады. Бағдарлама түрлі жас санатындағы балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығына қарай 6 бағытқа бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Бүгін, 21 мамырда Әуе қорғанысы күштерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету саласында қызмет ететін мамандар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіліп жатыр. Отандық әскери техниканың тұрақты дайындығы, ұшақтар мен тікұшақтардың мінсіз күйде болуы және елдің әуе шебін қорғау міндеттерінің мүлтіксіз орындалуы тікелей осы сала қызметкерлерінің қолында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2026
Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Маусым айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Маусым айында мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан қосымша демалыс болмайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел азаматтарын халықаралық отбасы күнімен құттықтап, бүгіннен бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Мамыр айында қазақстандықтар мұсылман қауымы үшін ең қасиетті мерекелердің бірі – Құрбан айтты атап өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Бүгін елордадағы теміржол вокзалынан Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар сапарға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 06 Мамыр, 2026
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Бүгінде елімізде жоғары кәсіби, мобильді, заманауи қару-жарақ пен техникамен жабдықталған әскер қалыптасты. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Конституция талаптарына сәйкес әскердің даму перспективаларын, елдің ұлттық қауіпсіздігінің жаңа тетіктерін белгіледі. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру және оның Қарулы Күштерін тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдап отыр.
Ауа райы • 06 Мамыр, 2026
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, мереке күндері елдің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынды болады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 05 Мамыр, 2026
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі ұйымдастырылады. Көрме 9 мамыр күні Отан қорғаушылар монументі жанында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 04 Мамыр, 2026
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мамыр айындағы мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысының артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыз құрамдарын іске қосады. 6-11 мамыр аралығында негізгі бағыттар бойынша вагондар саны көбейтіліп, жолаушыларға қосымша орындар ұсынылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
ҚТЖ мерекелік демалыстарға қатысты үндеу жасады: Пойыз кестесі өзгере ме?
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік мерекелер, демалыс және мектеп демалыстары кезеңдерінде пойыздарда жүктеме артатынын мәлімдеді. Осыған орай компания жолаушылар назарына тасымалдау ережелерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2026
Алматыда дүнген этномәдени орталығы Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтады
Алматыда Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Оған этномәдени бірлестіктер өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым, Қырғызстаннан келген қонақтар мен жастар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Наурыз, 2026
Times Square-де Наурыз тойланды: Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Times Square алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті. Көктемнің жаңаруын, береке мен бірлікті білдіретін ұлттық мейрамды ұлықтауға жиналған жұртшылық қазақтың дәстүрі мен өнеріне куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 16 Наурыз, 2026
Мәдениет және ұлттық дәстүр күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді?
Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізу аясында 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп жарияланды. Бұл күн халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен рухани мұрасын насихаттайтын, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке ретінде белгіленген, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 13 Наурыз, 2026
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Наурыз мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздың құрамын ұлғайту арқылы жолаушыларға қосымша 2 177 орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 10 Наурыз, 2026
Елімізде 58 мыңнан астам әйел дәрігер еңбек етеді
Басқа-басқа медицинаға қыз-келіншектердің қосып отырған үлес салмағы басым. Дәрігер болу, адам жанына үңілу – болмысынан нәзік, қай іске болсын мұқият, асқан ыждағатпен қарайтын арулардың табиғатына жарасады да. Әйелдердің осындай қасиетінен болар, бүгінде саладағы қызметкерлердің 70%-ын нәзік жандар құрайды екен.
Мереке • 08 Наурыз, 2026
С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Адамзаттың асылы − ана деген...» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 08 Наурыз, 2026
Құрметке бөленген ана: Ләззат Таймырқызының тағылымға толы ғұмыры
8 наурыз – әйел-ананың қадірі мен қоғамдағы рөлін айрықша айшықтайтын мереке. Осындай мерейлі күн қарсаңында ел ісіне белсене араласып, қоғамдық жауапкершілікті нәзік болмысымен үйлестіре білген тұлғалар еске түседі. Солардың бірі – Ләззат Таймырқызы Қожахметова. Оның өмір жолы бір ғана саламен шектелмейді. Журналистика, ұстаздық, қоғамдық қызмет, мемлекеттік басқару, депутаттық міндет, ұлттық деңгейдегі кеңестер мен комиссиялар – мұның бәрі оның тағдырында тоғысқан. Ләззат Таймырқызының еңбек жолына үңілгенде ең алдымен ана жүрегін, азаматтық ұстанымын және қоғам алдындағы жауапкершілігін аңғарасыз. Оның өнегелі өмірі – қазіргі қазақ әйелінің жаңа бейнесін айқындайтын тағылымды үлгі.
Мереке • 06 Наурыз, 2026
«Бұл сөзді бұрын айтпаппын»: Ұлттық ұлан сарбаздары аналарын мерекемен құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ұланының сарбаздары аналарын ерекше тәсілмен құттықтады. Сарбаздарына аналарына телефон арқылы хабарласып, жүрекжарды лебіздерін жеткізуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 04 Наурыз, 2026
8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?
2026 жылы Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірлерінде әйелдерге жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Алайда бұл қолдау барлық аймақта бірдей емес: кей өңірлерде қомақты қаржы бөлінсе, ірі қалалардың кейбірінде мерекелік төлем мүлде қарастырылмаған. Біржолғы көмектің мөлшері 8 650 теңгеден 21 625 теңгеге дейін, деп хабарлайды Egemen.kz
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Алғыс антологиясы: Мереке мәні неде?
Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2026
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
2026 жылғы наурызда ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында айдың жартысына жуық уақытын демалыспен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.