тіл мәселесі
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Тілім тілінбесін, елім бүлінбесін!
Кейінгі кезде қоғамның мемлекеттік тіл мәселелеріне деген қызығушылығы артуда. Бұл бір жағынан қуантады. Екінші жағынан, жағдай ашыған қамырдай күмпиiп бара жатқандай сезіледі. Ашынған кейбір азаматтар әлеуметтік желіде ащы-ащы пікір айтып, азаттық жылдарында тілге қатысты түк ілгерілеу болмағандай сөйлеуде. Шынында солай ма? Біржақты сын айызды қандырардай сүйкімді көрініп, бұқараның есiл-дертiн жаулап алатыны бар. Осы қызбалыққа бәріміз дем беріп, шиеленісті өршіте түссек не болмақ?
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Асылы Осман: «Мен сүйетін қазағымдай халқым бар»
Ел алдында жүрген кей қазақты әр қазақ танымауы мүмкін, бірақ Асылы Османды бәрі таниды. Елім деп елжіреп, тілім деп жүрегі қарс айырылардай шырылдап жүретін қамқор жанды әдеттегідей жайдарлы кейіпте кездестірдік. Шындықты, турашылдықты көк байрағындай қастерлейтін асыл адамның кейпі осындай болса керек. Осы бір дара қасиеттері оның өскен еліне деген ерекше махаббатынан туғаны аңғарылады.