цифрлық платформа
Экономика • 19 Маусым, 2024
Инвесторлар үшін күрес заманында өмір сүріп жатырмыз – Ғабидолла Оспанқұлов
Мемлекет экономикасын ілгерілетудің табысты тетігінің бірі − инвестиция. Дамыған мемлекеттер, соның ішінде, Қытай шетелдік инвестициялар есебінен жоғары дәрежедегі экономикаға қол жеткізген елдердің жарқын үлгісі. Инвестиция тек қаржылай емес, технологиялық, жаңа білім мүмкіндіктерін сыйлайтынын ескерсек, Қазақстанның дамуы үшін де инвестиция көздерін тарту аса маңызды. Ел Үкіметі алдында 2029 жылға дейін экономиканы 2 есе өсіру межесі көзделген. Осы мақсатқа жеткізер бағыттың бірегейі инвестиция тарту екені сөзсіз. Бүгінгі таңда елімізге инвестиция тарту бағытында Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ нәтижелі қызмет атқарып жатыр. Осы орайда Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловпен елімізде инвесторларға жасалған мүмкіндіктер төңірегінде әңгіме өрбіттік, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстанда жасанды интеллект бойынша цифрлық платформа іске қосылды
Бүгін Astana Hub корпоративтік қоры ai.astanahub.com цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа платформа инновациялар мен әртүрлі салаларда жасанды зиятты қолдануға ықпал ететін бірыңғай кеңістікті қалыптастыру үшін үкіметтің, бизнес пен білім беру саласының күш-жігерін жұмылдырады, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2022
Мемлекеттік органдар үшін цифрлық платформа құрылады
ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин қазақстандық IT-компаниялар цифрлық Үкіметтің отандық платформасын әзірлейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.