Ғылым
Ата заң • Бүгін, 22:05
Еліміздің жаңа Конституциясының күшіне енуі – ел тарихындағы маңызды кезең. Ата Заңда алғаш рет адам капиталын, білім беру жүйесін, ғылымды және серпінді инновацияларды дамыту басымдықтары ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл маңызды қадам ел дамуының жаңа іргелі бағдарларын айқындап, оның өзегіне адамды, оның білімі мен кәсіби құзыреттерін, зияткерлік әлеуетін толық жүзеге асыру мүмкіндігін қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • Кеше
Президент: Соңғы 3 жылда 584 заманауи мектеп салынды
Біз қазір білім экономикасы үстемдік құрған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Осындай кезеңде технологиялық дербестігімізді күшейте түсу үшін ғылым саласын және жоғарғы мектеп жүйесін дамытуға баса назар аударуымыз қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 26 Маусым, 2026
Ғылым, білім және инновация: Қазақстан мен Қытай жаңа бастамаларды қолға алды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы, вице-министр Гүлзат Көбенованың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен Қытай мен Орталық Азияның өндіріс, білім беру, ғылыми зерттеулер және практикалық қолдану салаларындағы ынтымақтастық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 26 Маусым, 2026
Кітапхананы дамытуға бағытталған жаңа бастамалар таныстырылды
Көкшетау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: Кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» тақырыбында Қазақстан Кітапханалар Одағының кезекті көшпелі отырысының ресми ашылуы өтті.
Ғылым • 25 Маусым, 2026
Жалын мен наноғылым арасындағы жарты ғасыр
Қазақстан ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик Зұлқайыр Аймұхаметұлы Мансұров туралы саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаеваның көлемді мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 24 Маусым, 2026
AI-Sana: Қазақстанның цифрлық болашағы үшін кадр даярлаудың жаңа үлгісі
Ғылым және жоғары білім министрлігі AI-Sana бағдарламасына арналған жарияланымдар топтамасын бастайды. AI-Sana – цифрлық экономика үшін кадрлар даярлау және жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы негізгі ұлттық бастамалардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 17 Маусым, 2026
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мінез-құлық командаларының жаһандық картасына енді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 12 Маусым, 2026
Стартаптардан технологиялық тізбектерге дейін: Қазақстанның жаңа инновациялық стратегиясы
Қазақстан инновациялық экономиканы дамытуға бағытталған жаңа модельді таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 11 Маусым, 2026
Жезқазғанда Ұлттық ғылым академиясының форсайт-орталығы ашылды
Бүгін Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы Президиумының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Маусым, 2026
Қазақстан Horizon Europe ғылыми бағдарламасына қосылуды жоспарлап отыр
Қазақстан ғылым мен инновация саласындағы Еуропалық одақтың ең ірі бағдарламаларының бірі Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылған ел мәртебесімен қосылуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 28 Мамыр, 2026
Ел ғылымы: жүйелі реформалар жетістікке бастайды
Әлем қарқынды өзгеріп жатқан қазіргі кезеңде ғылымды ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері тиісті нәтижені қамтамасыз ете алмай отырғаны белгілі. Осыған байланысты жаһандық үрдістерге сай келетін әрі заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап бере алатын жаңа тетіктерге деген қажеттілік туындайды. Сондықтан 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылым саласына, оның ішінде Ұлттық Ғылым академиясына жүйелі реформалар жүргізу қажеттігін жариялап, бұл жұмысты елдің саяси трансформациясының маңызды құрамдас бөлігі деп санағаны белгілі. Мемлекет басшысының бұл стратегиялық бастамасын ғылыми қауымдастық зор серпіліспен қабылдап, ғылымның қайта жаңғыруына үлкен үміт артып отыр.
Медицина • 26 Мамыр, 2026
Ұлттық ғылыми онкология орталығы МАГАТЭ-нің Орталық Азиядағы жетекші орталығы болады
Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
5176 студентке орын жетпейді: Алматыда жатақхана мәселесі қашан толық шешіледі?
Алматыда жыл соңына дейін 20 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2026
Биыл ҰБТ тапсыруға 239 мыңнан астам талапкер тіркелді
Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттерде оқу жылының аяқталғаны және Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілгені туралы баяндады. Ол жалпы жоғары білім беру жүйесі оқу жылын тұрақты режимде аяқтағанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 22 Мамыр, 2026
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Осыдан бес күн бұрын АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 әлемдегі ең ірі ғылыми жобалар байқауында жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақстандық оқушы марапатқа ие болған еді. Бүгін қазақстандық оқушылардың тағы екі жобасы жасанды интеллект саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі Association for the Advancement of Artificial Intelligence, қысқаша AAAI, арнайы марапаттарына ие болды, хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 22 Мамыр, 2026
Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?
АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесінде Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысқан байқауда Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жасанды интелект арқылы қатерлі ісікті анықтауға арналған жоба дайындап шығарған жас дарын жүйенің ерекшелігін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Мамыр, 2026
Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты
Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік гранттар саны айтарлықтай артқан. 2022-2023 оқу жылында 380 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына 586 грант қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 17 Сәуір, 2026
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Тұран университетінің базасында «Ұлы дала: тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 15 Сәуір, 2026
Елімізде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады
Ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Осы мақсатта бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ғылыми және технологиялық ресурстарды тиімді шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру тетіктері ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 14 Сәуір, 2026
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
2026 жылғы 14 сәуірде Токиода Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері жапондық JEOL Ltd. және Interactive Corporation компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Сәуір, 2026
3D модель және Smart Petro Hub: Болашақ инженерлер үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренеді
Сәтбаев университеті ғылыми-өндірістік инфрақұрылымын кеңейтіп, Ғылым күніне орай ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысын арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырған болатын. Бүгін энергетика, металлургия, геология және экология салаларында қолданбалы әзірлемелер жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Сәуір, 2026
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Мемлекет басшысы ғалымдарды Ақордада қабылдады. Осындай жақсы үрдіс соңғы екі-үш жылдан бері қалыптасып келе жатыр, сонымен бірге ғылымға көңіл бөлу де бұрынғыдан арта түсті. Биылғы конститутциялық реформа да ғылымға басымдық беру туралы айтылды. Сол үшін ғылым қазір мемлекетіміз үшін маңызға ие болды. Мысалы, Сингапур, Жапония елдерінде ғылымға стратегиялық деңгейде көңіл бөледі. Соның арқасында олар даму сатысына көтерілді. Біздің еліміз де қазір осы бағытқа қадам басты. Қазір Президент жанындағы ұлттық ғылым академиясы ғылыми маңызы бар үлкен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Қытай елімен бірге «DeepBas» деп аталатын үлкен база жасауға кірісті. Сонымен бірге Оңтүстік Кореямен бірігіп «Silk Net» деген институт құрды.
Ғылым • 12 Сәуір, 2026
Ғылымы дамыған ел дамудың алдыңғы қатарына шығады
Қазіргі таңда біздің елімізде білім мен ғылымның дамуына ерекше мән беріліп отыр. Ғылымның стратегиялық маңызға ие екендігі, оның стратегиялық басымдық екендігі жаңа Конституцияда айқындалды. Сол себепті ғылымға, білімге назар аударылып жатыр. Бұл ғылымды қаржыландыру көлемінің артуынан, ғылымның материалдық-техникалық базасын жақсартудан, жас ғалымдардың әлеуметтік жағдайын күшейтуден анық көрініп келеді.
Ғылым • 12 Сәуір, 2026
Жүйелі мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі
Кейінгі жылдары Қазақстанда ғылымды қолдау бойынша маңызды қадамдар жасалып келеді. Жас ғалымдарға арналған арнайы гранттық қаржыландыру бағдарламалары, ғылыми инфрақұрылымды жаңарту, халықаралық тағылымдамалар мен ғылыми коллаборацияларға жол ашу – мұның барлығы зерттеушілерге жаңа мүмкіндіктер береді. Әсіресе, қолданбалы зерттеулер мен нақты индустриялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға басымдық берілуі ғылым нәтижелерінің ел экономикасына тікелей әсер етуіне ықпал етеді.
Президент • 12 Сәуір, 2026
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Қазақстанда 12 сәуір – ғылымға ғұмырын арнаған жандардың кәсіби мерекесі. Бұл – атаулы дата ғана емес, елдің интеллектуалдық әлеуеті айқындалған күн. Жоғары технологиялық зертханалар, халықаралық жобалар, тың жаңалықтар, яғни бүгінде ғалым бейнесі озық дамудың символына айналды. Ал отандық зерттеуші қанша табыс табады? Ғылыми саланың дамуына мемлекет қалай қолдау көрсетіп отыр? Осы сауалдарға шолу жасап көрейік, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі үдерістерде ғалымдар ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Өйткені олар өркениет құндылықтарын дәріптеп, санаткерлік және моральдық қасиеттерімен көпке үлгі көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде қолданбалы ғылымды дамыту бағытындағы жобалардың саны көбейіп келе жатқаны өте жақсы үрдіс екенін айтты. Әсіресе, университеттердің технологиялық даму орталығы ретінде қалыптасып жатқанын айрықша атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 10 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2026
Курчатов ғылым қалашығына айналады: Даму жоспары әзірленді
Абай облысында Курчатов қаласын ғылым қалашығына айналдыру мәселесі талқыланды. Ғылым мен инновацияны дамыту 2026-2030 жылдарға арналған өңірлік жоспарға енгізілген. Бұл бағытта арнайы кеңес жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Наурыз, 2026
Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесіп, сөз сөйледі. Президенттің пайымдауынша, ғылым қалашықтары мен қарқынды дамитын қалалар инвестиция және жаңа технологияларды тарту орталығына айналуға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.