Қаржы
Қаржы • 30 Маусым, 2026
Мәди Такиев: Қаржы жүйесімен бірге тұтастай мемлекеттік басқару тәсілі де өзгеріп жатыр
Кейінгі екі жылда елімізде мемлекеттік қаржы жүйесінің тың моделін қалыптастыруға сеп болған шешімдер қабылданды. Айталық, бюджеттік тәртіп, жаңа Салық және Бюджет кодекстері, басқару тетігінің ауқымды цифрландырылуы, шығыстардың ашықтығын арттыру мен цифрлы теңгені енгізу бағытында біршама көлемді жұмыс атқарылды. Басты міндет – мемлекеттік қаржы саласын барынша орнықты, болжамды және нәтижелі жолға қою. Осы ауқымды трансформациядағы Қаржы министрлігінің рөлі жайлы, цифрлы жобалардың артында қандай саяси міндеттер тұрғаны әрі мемлекеттің жаңа қаржылық контуры қандай болуы тиіс екені туралы ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтен сұрап білген едік.
Білім • 29 Маусым, 2026
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: Мұғалімдер жұмыссыз қала ма?
Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру тетігі өзгертіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер мемлекеттік қаражаттың артық жұмсалуына жол бермеуге бағытталған. Қазіргі таңда кейбір жекеменшік білім беру ұйымдарында субсидия көлемін арттыру мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің жасанды түрде ауысу жағдайлары тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Маусым, 2026
Абай облысында бағалы металдарды заңсыз өндіргендер ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Маусым, 2026
Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсті
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 24 Маусым, 2026
Брюссельдегі дөңгелек үстел: Қазақстан жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды
Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 22 Маусым, 2026
Павлодарда шенеунік тротуар төсеу үшін 368 млн теңге пайдаланбақ болған
Павлодар қаласында шенеунік парк жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақты артығымен көрсетіп, құрылыстан қалған ақшаны қалтаға баспақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2026
АҚШ Иранмен соғысу үшін қанша қаржы шығындады?
Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының алдағы талдауында жарияланатын алдын ала мәліметтерге сәйкес, Иранмен соғыс Қорғаныс министрлігіне шамамен 40 миллиард доллар шығын келтірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2026
Бүгінде елімізде несие алу қалыпты құбылысқа айналды. Тұтынушылық несие тек баспана немесе көлік сатып алуға емес, күнделікті қажеттіліктерді өтеуге де жиі пайдаланылады. Сарапшылар мұны халық табысының деңгейі, инфляция, қаржылық сауаттылықтың жеткіліксіздігі және тұтынушылық мәдениеттің өзгеруімен байланыстырады. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі өмір салтын көрсету тренді де азаматтардың қаржылық шешімдеріне әсер етіп отыр. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі халықтың несиеге тәуелділігінің негізгі себептері, қаржылық сауаттылықтың деңгейі және мәселені шешу жолдарын зерделеп көрді.
Футбол • 11 Маусым, 2026
ФИФА Әлем чемпионатынан қанша табыс табады?
Халықаралық футбол федерациясы FIFA 2026 биылғы Әлем чемпионатын ұйымдастыру арқылы 6 млрд доллардан астам табыс таппақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Маусым, 2026
Министр: Мемлекеттік қарыз деңгейі экономикаға қауіп төндірмейді
Қазақстанның мемлекеттік қарызы өткен жылы 4,8 трлн теңгеге артып, 36,4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Маусым, 2026
Қаржы министрлігі: Бюджет кірістері 21,4 трлн теңгеге жетті
2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 08 Маусым, 2026
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Маусым, 2026
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Қарағанды облысында Балқаш көпбейінді ауруханасын ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды қаржыландыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаржы • 06 Маусым, 2026
Сарапшы: Зейнетақы ақшасы пәтер алуға немесе жөндеу жасауға арналмаған
Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов БЖЗҚ-дағы жеткіліктілік шегінің көтерілуіне және зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын пайдалану үдерісіне қатысты өзінің кәсіби ұстанымын білдірді. Сарапшы мәселенің макроэкономикалық астарын ашып, бұл қаражаттың негізгі міндетін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Маусым, 2026
Ертеңнен бастап зейнетақы шегін есептеудің жаңа тәртібі күшіне енеді
Санаулы сағаттар ішінде ел тұрғындары зейнетақы жинақтарындағы қаражатын аударып ала алады. Себебі елімізде 5 маусымнан бастап зейнетақы шоттарындағы жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2026
«Иноагенттер тізімі»: Қазақстанда кімдерді шетел қаржыландырады?
Қазақстан азаматтары мен компаниялар 2025 жылдың екінші жарты жылдығында шетелден 12 млрд теңге қаражат алған. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет нақты сомалар мен шетелдік донорлар көрсетілген тізімді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Маусым, 2026
Министрлік: Бес айда мемлекеттік бюджет кірісі жоспардан асып түсті
Биыл жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан артығымен орындалып, ел қазынасына 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Маусым, 2026
БҰҰ-ның қаражаты тамыз айының ортасына қарай таусылуы мүмкін
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қаржылық дағдарыс қаупімен бетпе-бет келді. Бұл туралы Уолл-стрит журналы хабарлады. Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың БҰҰ алдындағы қарызы 4 миллиард доллардан асса, Қытайдың берешегі 455 миллион долларды құрайды. Дегенмен Қытай сыртқы істер министрі Ван И мамыр айының соңында ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне сапары кезінде шамамен 850 миллион доллар аударған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 31 Мамыр, 2026
Қаржы нарығында жаңа өзгерістер: бейрезиденттерге қатысты талаптар қайта қаралады
Қазақстанда бейрезиденттердің банк шоттарын ашу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелеріне қатысты қаулы жобасында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанда ұмыт қалған қолөнерге қаржылай қолдау көрсетіледі
Елімізде ұлттық қолөнер шеберлеріне арналған гранттық бағдарламаға қатысу үшін өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 28 Мамыр, 2026
Ресейдің экспорттық несиесі: Қазақстандағы АЭС құрылысына жұмсалатын қаржы көлемі белгілі болды
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы Ресейдің мемлекетаралық экспорттық несиесі арқылы қаржыландырылады. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 28 Мамыр, 2026
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі: 5 маусымнан бастап не өзгереді?
10 күн ішінде ел тұрғындары зейнетақы жинақтарындағы қаражатын қолданыстағы ережемен пайдалана алады. Себебі елімізде 5 маусымнан бастап зейнетақы шоттарындағы жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
WhatsApp желісінде топ құрған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
900-ден астам салымшы алданған: Шымкентте жасырын қаржы пирамидасы әшкереленді
Шымкентте 900-ден астам адамды алдаған қаржы пирамидасы анықталды. Алаяқтық схемасы «Капитал» инвестициялық платформа ретінде жасырын жұмыс жасаған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 13 Мамыр, 2026
Сайлау шығындары үшін ақша қайдан алынады?
Мәжілісте cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Талқылауда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сайлау шығындары қай бюджеттен төленетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Астанадағы LRT жобасына жұмсалған түпкілікті қаржы көлемі белгілі болды. City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, жобаның құны 2016 жылдан бері өзгермеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Вице-президент пен Халық кеңесінің жұмысы қалай қаржыландырылмақ? Министр жауап берді
Қазақстанда құрылатын Халық кеңесі мен Вице-президент институтын қаржыландыру көзі алдын ала айқындалды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жаңа құрылымдарға қажет қаражаттың басым бөлігі Үкімет резервінен бөлінуі ықтимал. Алайда нақты сома әзірге жарияланбады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2026
Депутат: Автомектептердегі заңсыз жиналатын 5,6 млрд теңге кімнің қалтасына түсіп жатыр?
Қазақстандағы автомектептерде жүргізуші куәлігін алу кезінде заңсыз қосымша төлемдер алынуы мүмкін. Мәжіліс отырысында осылай деген депутат Мақсат Толықбай Ішкі істер министрлігін тексеріс жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2026
Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу: Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жылумен қамтамасыз ету нысандарын алдағы жылу беру маусымына уақтылы дайындау қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 05 Мамыр, 2026
32 пәтер, 11 көлік сатып алған: Дәрілердің бағасын негізсіз көтерген топ ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда сирек кездесетін ауруға арналған препараттарды жеткізу кезінде бағаны қолдан көтеру және қаржы шығару схемасын анықтады. Келтірілген шығын 3,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz