қарызсыз қоғам
Қоғам • 06 Тамыз, 2024
Несиесі 90 күннен асып кеткендер қалай табыс табады
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Жамбыл облысына барып, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыспен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
«Қарызсыз қоғам» сарапшылары Қытайдың кедейлікті азайту тәжірибесімен танысты
«AMANAT» партиясының делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды және онда ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кедейлікті азайту орталығының жұмыс тәжірибесін зерттеді. Орталық өзінің инновациялық тәсілдерімен және осы саладағы маңызды жетістіктерімен танымал. Делегация құрамында «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшылары да болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2024
Оқушылар мен студенттер қаржылық сауаттылық бойынша білім алады
Бүгін Астанада мектеп мұғалімдері және колледждер мен университеттердің оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін жиналды. Олардың барлығы – «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылығын арттыру жобасының болашақ тренерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
«Қарызсыз қоғам»: Қай облыс тұрғындары алаяқтан жиі зардап шегеді
Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы жарты жылдағы аралық нәтижелерін жариялады. Бүгінге дейін 54 мыңнан астам адам білім алды. Сондай-ақ банкроттық рәсімдеу, алаяқтық фактілерін анықтау, бизнес-жоспар жазу, жұмысқа орналасу бойынша көш бастап тұрған облыстар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Наурыз, 2024
«Қарызсыз қоғам» жобасы: Қоғамда жаңа қаржылық мәдениет қалыптасып келеді
«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының аралық қорытындысын шығарды. Биыл қаңтар-ақпан айларында ел аумағындағы 15 мың отандасымыз қаржылық сауатын арттырып, оқыту курсынан өтті. «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқан 100-ден астам әйел бүгін Алғыс айту күні және алдағы 8 наурыз мерекесі қарсаңында Астанада арнайы бас қосып, қарыздан құтылудың, отбасы табысын арттырудың тәжірибесін бөлісті.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
«Қарызсыз қоғам» несиеден арылуға қалай көмектеседі?
Халықтың шамадан тыс несиеге батуы назар аударылуы қажет мәселелердің бірі. Қазақстан азаматтарының әрбірінде бірнеше несиеден бар. Өтелмеген несиелер ажырасуға, отбасылық жанжалдарға, құқықбұзушылықтарға себеп болады. Бұл түйткілді қандай да бір жолмен шешу үшін AMANAT партиясы былтыр «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады, ол қарызды төлеп, аяққа тұруға ғана емес, қаржылық қауіпсіздік құралдарын үйренуге де көмектеседі.
Үкімет • 12 Қазан, 2023
Үкіметте «Қарызсыз қоғам» жобасы талқыланды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.