қолжетімді баспана
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Үкіметте қолжетімді баспана мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Маусым, 2023
«Ulytau zhastary» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Ұлытау облысында қолжетімді баспана бойынша жаңа бағдарлама іске қосылды. «Ulytau zhastary» жобасы аясында облыстың жас мамандарына тиімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Мамыр, 2023
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады
15 мамырдан бастап «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдана бастайды Өтінімдер 31 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.