ұсыныстар
Сенат • 11 Сәуір, 2024
Депутат әрбір мемлекеттік органның ТЖ кезіндегі жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды
Еліміздің 10 өңірінде бұрын-соңды болмаған табиғи апат болып, төтенше жағдай тәртібі енгізілгені мәлім. Сенатор Ольга Булавкина өзінің Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында болашақта төтенше жағдай салдарын азайтуға көмектесетін бірқатар шараларды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін комиссия құру ұсынылды
Үкімет басшысының атына ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелері туралы депутаттық сауал жолдаған сенатор Сәкен Арубаевтың пікірінше, қазіргі отандастарымыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар. Себебі, тәуелсіздік жылдарында аталған бағытта нәтижелі мемлекеттік бағдарлама мен кешенді даму жоспары қабылданбаған, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 28 Сәуір, 2021
Сенатта парламенттік тыңдау ұсыныстарының орындалуы талқыланды
Сенаторлардың парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша Үкіметке берген ұсынымдары қалай жүзеге асуда? Бүгін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдардың өкілдері өз жұмыстары туралы Сенат депутаттарына айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.