Әдеби
Тұлға • 20 Қараша, 2024
Алматыда А.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әзиза Нұрмаханованың туғанына 100 жыл толуына орай «Биік парасат иесі» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Әдебиет • 16 Қараша, 2024
(Белгілі ақын, әдебиет зерттеушісі Бүркіт Ысқақов жайлы сөз) Алаш ардагерлерінің шығармаларындағы ұлттық рух сөз өнерінде көркемдік дәстүр ретінде үзілмей жалғасын тауып жатқанын әдебиет тарихынан білеміз. Алаш ардақтыларымен тілектес, ниеттес ақындардың бірі – Бүркіт Ысқақов. Оның өмір жолы мен шығармашылық кезеңі де ешкімді қайталамастай өзгеше.
Руханият • 06 Қараша, 2024
«Менің атым Қожа» француз тіліне аударылды
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Қазан, 2024
Жазушы, драматург Роза Мұқанованың шығармашылығына арналған конференция өтті
Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына арналған «Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Қазан, 2024
«VІІI Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «VІІI Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 27 Қыркүйек, 2024
Президент: Әбіш Кекілбайұлы – тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеген қайраткер
Ақтау қаласында халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Тамыз, 2024
Бүгін, 10 тамыз – Абай күні. 2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз «Абай күні» деп аталатын мерекелік дата болып бекітілген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 25 Маусым, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 07 Маусым, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 11 Мамыр, 2024
Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толды
Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi, Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi, филология ғылымының докторы, елімізде археология ғылымының негiзiн қалаған Әлкей Марғұланның туғанына бүгін 120 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 11 Мамыр, 2024
Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті
Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қалижан Бекхожинның жары Заида Бекхожина өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2024
Елордада жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жастар әдеби клубының алғашқы басқосуы өтті. Жиынға елдің әр аймағынан келген 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Президенттің арнайы әдеби сыйлығының лауреаттары, халықаралық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 21 Наурыз, 2024
Көрнекті жазушы әрі журналист өмірден өтті
Көрнекті жазушы, журналист, драматург, "Құрмет" орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 07 Наурыз, 2024
Ахмет Байтұрсынұлының белгілі шығармасының жоғалған беттері табылды
Парақтар Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қаңтар, 2024
75 әдебиет және өнер қайраткері мемлекеттік стипендиямен марапатталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 2023 жылы 75 әдебиет және өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Бүгін Алматы қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2024
«Егемен жастар» атты әдеби кеш өтеді
«Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында 25 қаңтарда сағат 17.00-де «Егемен жастар» атты әдеби кеш өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024
Ақын-жазушылар балалар әдебиетін дамыту тетіктерін талқылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, «Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2024
Әдеби басылымның мерейтойына арналды
«Қазақ әдебиеті» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толып отыр. Салтанатты іс-шара Алматы қаласындағы «Достық» үйінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 10 Қаңтар, 2024
Әр заманның өзіне лайық сөзі бар – Базар Ондасұлы
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Саққұлақ Бапанұлы, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Сегіз сері, Сүйінбай Аронұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Базар Ондасұлы ойларын ұсындық.
Әдебиет • 10 Қаңтар, 2024
«Қазақ әдебиеті» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды
Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген «Қазақ әдебиеті» газетіне - 90 жыл. Ғасырға жуық уақыт аралығында оқырманын әдебиеттің әр буынындағы жазушылардың жауһар шығармаларымен қауыштырып жүрген газет ұжымын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Мәдениет • 27 Желтоқсан, 2023
Балалар әдебиетіне басымдық беруді ұсынды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алматы облысының тұрғындарымен кездесуінде Мемлекет басшысының қоғам өмірінің барлық салаларында сапалы өзгерістерге бағытталған реформалары мен бастамаларын тиімді іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Поэзия • 17 Қараша, 2023
Қарағанды қарашығындағы қараша
Қарағандыда қала әкімдігінің қолдауымен тағы да поэтикалық кеш өтті. Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек. Несімен десеңіз, баяғы қалыпты бұзып, жаңаша серпіліс сыйлағанымен. Өлең оқылғанымен қоса, ақындардың жартысы ән шырқады. Бір сағатқа жуық уақыт Қарағандыдағы әдеби ортаның қалыптасу кезеңін көрерменнің көз алдына әкелді.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2023
Бүгін – Оралхан Бөкейдің туған күні
Бүгін – қазақ әдебиетінің кербұғысы атанған қабырғалы қаламгер Оралхан Бөкейдің туған күні. Аман жүргенде қалың елінің аялы алақанында мерейлі 80 жасын қарсы алатын еді...
Әдебиет • 19 Маусым, 2023
Балалар әдебиетінің дамуына не кедергі?
Астанада жыл сайын халықаралық «EURASIAN BOOK FAIR» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Биыл да көрмеге қатысып қайтқанбыз. Сол кезде кішкентай оқырмандардан не оқып жүргенін сұраған едік. Бір-екі бала сөреде тұрған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабын көрсеткені болмаса, 99 пайызы (артық не кем айтқанымыз емес) орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды атаған. Сонда балалардың қызығушылығын оятатын қазақша кітап жоқ па деген ойға қалдық. Өкінішті...
Пікір • 19 Маусым, 2023
Көркем әдебиетте тұнық тәрбие жатыр
Қазіргі таңда батыстың кітаптарына сұраныс көп, алайда алыстан дорбаламай-ақ өзімізде жатқан сандық-сандық бай мұраларымыздың көзін ашып, жаңғырта берсек қазақы тұнық тәрбиені жоғалтпаймыз.
Әдебиет • 13 Маусым, 2023
Майкл Морпургодан балалар жазушысына 5 кеңес
Балаларға арналған әдеби шығарма жазу бәрінен қиын. Оған таза, шынайы жүрек керек!
Мәдениет • 03 Мамыр, 2023
«Жүлде қоры 35 млн теңге»: «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 23 Ақпан, 2023
Биыл 101 кітап басып шығарылады - министрлік
Оның ішінде 35 аталым қолжазбасы сатып алынған. Бұл әдебиеттер бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 20 Қаңтар, 2023
Жас жазушыларға арналған президенттік сыйақы тағайындалады
Биыл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында Президенттің арнайы әдеби сыйлығы тағайындалады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Қаңтар, 2023
«Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» жинағы оқырманға жол тартты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» атты 20 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған Қазақстан мен Түркияның түркітанушы ғалымдары, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Түркіменстан елдерінің Бас консулдары, жоғарғы оқу орнының басшылары, университет оқытушылары мен білім алушы жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.