Руханият • 06 Қараша, 2025

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті. Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты, деп жазады Egemen.kz.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

Биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.

Аталмыш байқау жеңімпаздары «Ғылым» номинациясы бойынша 64, «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15, «Классикалық музыка» – 27 үміткердің арасынан таңдалды.

Комиссияның құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарына депутаттар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлері енді.

Аида Балаева комиссия мүшелеріне атқарған қызметі үшін алғыс айтып, олардың әділ және оң шешім қабылдағанына сенім білдірді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қараша күні өтеді. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.

«Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50